13.04.2018, 09:55 5876

Оӊтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өӊірлерге биыл 700-ге жуық отбасы қоныс аударады

Ж.Түймебаевтыӊ тапсырмасы сәйкес, өӊірден еӊбек күші жетіспейтін республикамыздыӊ солтүстік өӊірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, биыл Оӊтүстік Қазақстан облысынан 665 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда

Шымкент. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында - еӊбек нарығын жаӊғыртуда басы артық жұмыс күші бар өӊірлерден басқа жерлерге жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсетуді атап көрсеткен болатын.

Осыған орай, облыс әкімі Ж.Түймебаевтыӊ тапсырмасы сәйкес, өӊірден еӊбек күші жетіспейтін республикамыздыӊ солтүстік өӊірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, биыл Оӊтүстік Қазақстан облысынан 665 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда.

Аталған жұмыстарды атқаруға жергілікті атқарушы билікпен бірге өӊірдегі іскер азаматтар, мәлихат депутаттары белсене атсалысуда. Оныӊ дәлелі ретінде облыс мәслихатыныӊ депутаты Ж.Ағабековтыӊ демеушілігімен 9 аудан, қаладан 75 отбасы алдағы уақытта қоныс аудару үшін солтүстік өӊірімен танысып қайтатын болады. Олардыӊ 35-і Павлодар, 9-ы Қостанай, 26-сы Солтүстік Қазақстан облыстарына барады.

Шығарып салу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімініӊ орынбасары Е.Садыр оӊтүстікқазақстандық отбасыларға сәтті сапар тіледі.

"Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен қолға алынған бұл жоба 2015 жылы басталған болатын. 2015-2017 жылдары облыстан 1392 мүшесі бар 347 отбасы республикамыздыӊ солтүстік өӊірлеріне қоныс аударды. Олар жұмыспен қамтылып, әр түрлі салада жемісті еӊбек етуде. Бүгін де 75 отбасы қоныс аударғалы тұр. Қоныс аударушыларға оныӊ әрбір отбасы мүшелеріне 84175 теӊге мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Қоныс аударған азаматтардыӊ тұрғын үй, жер, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілуі әкімдіктіӊ тұрақты бақылауында болады", - деді Е.Ибілхайырұлы.

Бұдан бөлек, қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан 12 ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 48100-72150 теӊге мөлшерінде қаржы төленеді. Сондай-ақ, жұмыс орнын ашып, кемінде бес қоныс аударушыны үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылдаған азаматқа әрбір жұмысшы үшін 1 082 250 теӊге көлемінде субсидия беріледі.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны