19.01.2018, 17:39 6421

Оӊтүстік Қазақстан облысында 150 дәрі жыл соӊына дейін қымбаттамайды

Ынтымақтастық келісімі - қарапайым халық арасында кеӊінен қолданысқа ие 150 түрлі дәрілік заттар мен медициналық өнімдердіӊ бағасыныӊ өсуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылды.

Шымкент. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында халық еӊ көп қолданатын 150 дәрі жыл соӊына дейін қымбаттамайтын болды. Бұл облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен "Даму" фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы арасында қол қойылған меморандум нәтижесінде жүзеге асады. Ынтымақтастық келісімі - қарапайым халық арасында кеӊінен қолданысқа ие 150 түрлі дәрілік заттар мен медициналық өнімдердіӊ бағасыныӊ өсуіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылды.

Облыс әкімдікте өткен меморандумға қол қою шарасына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен дәріхана ұйымдары тарапынан 40 фармацевтикалық ұйым басшысы қатысты. Енді отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардыӊ ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттыӊ бағасын жыл соӊына дейін көтермейтін болып келісті. Бұл халық басы ауырып балтыры сыздағанда жиі ішетін, ауырсынуды дене қызуын басатын медициналық препараттар болып табылады.

Меморандум мақсаты - облыс халқын қолайлы бағада сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету, әрі өзара ынтымақтастық орнату.

Меморандумға 150 түрлі дәрі-дәрмек енгізіліп отыр. Қол қойылған Меморандумныӊ нәтижесі аясында 2017 жылға қарастырылған д?рі - дәрмектердіӊ 150 атауыныӊ ішіндегі 13 түрініӊ бағасы едәуір төмендетіледі. Бұл дәрілердіӊ әлеуметтік маӊызы зор. Осылайша біз облыс тұрғындарыныӊ басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарына қолдап, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына Оӊтүстік жұртыныӊ атынан ризашылығымды білдіремін", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ортақ мақсаттағы келісімге сәйкес жүрек-қан тамырлары ауруына, қабынуға қарсы, анальгетиктер, антигистаминдер, асқазан мен гипотензивті препараттар, көз және құлақ тамшылары мен дәрумендердіӊ бағасын бір деӊгейде ұстап тұруды мекеме өкілдеріне өз жауапкершіліктеріне алып отыр.

Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментініӊ басшысы Л. Қашқымбаева ірі тасымалдаушы фирмалармен келісім-шарттар жасалып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ дәріханалар желілерініӊ әлеуметтік жауапкершілігі турасында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маӊызды қадам деп отыр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны