21.09.2016, 14:57 4075

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 10 интеллектуалды жол қозғалысы жүйесі алынды

"Ішкі істер органдарыныӊ материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 186 бейне бақылау камералары, 89 қызметтік автокөліктер, 10 интеллектуалды жол қозғалысы жүйесі алынды.Биыл қолданыстағы заӊ аясында облыстық және аудан, қалалардағы жергілікті полиция басшылары тағайындалды",- деді Бейбіт Атамқұлов.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 10 интеллектуалды жол қозғалысы жүйесі алынды. Бұл туралы бүгін Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оныӊ айтуынша, облыста қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлкен мән беріліп отыр.

"Ішкі істер органдарыныӊ материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 186 бейне бақылау камералары, 89 қызметтік автокөліктер, 10 интеллектуалды жол қозғалысы жүйесі алынды.

Биыл қолданыстағы заӊ аясында облыстық және аудан, қалалардағы жергілікті полиция басшылары тағайындалды",- деді Бейбіт Атамқұлов.

"Жүргізілген жедел іздестіру шараларыныӊ нәтижесінде, есепті кезеӊде ауыр және аса ауыр қылмыстардыӊ ашылымы 70%-дан 72,8%, ауыр қылмыстыӊ ашылымы 67,8%-дан 71,8%-ға жоғарылады",- деді облыс басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясы өтті.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, облыстық мәслихатыныӊ кезектен сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердіӊ орындалуы бойынша сөз сөйледі.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тапсырмаларына сәйкес, облысымызда мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда. Өӊіріміздіӊ алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасы талқыланып, бекітілді",- деді облыс әкімі.

"Атқарылған жұмыстардыӊ барлығы халықтыӊ тұрмыс деӊгейін арттыру үшін жасалып отыр.

Құрметті депутаттар! Өздеріӊізге белгілі, жақында Үкіметтіӊ кеӊейтілген мәжілісі өткізіліп, Елбасымыз өӊірлерді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аталған тапсырмаларда Біздіӊ негізгі стратегиялық бағыттарымыз айқындалған. Осыған орай, оны іске асыруды Сіздердіӊ қолдау көрсетулеріӊізбен бірлесе қол жеткізетін боламыз,- деді Б.Атамқұлов.

"Бұдан бөлек, жыл соӊына дейін облысымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай бірқатар маӊызды іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Бұл мерейтойды жалпыұлттық сипатта өткізіп, елімізде Тәуелсіздік құндылықтарын нығайтуға баршамыз атсалысамыз деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сіздер мен біздер бірлесе отырып, Елбасы белгілеп берген "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын және "Мәӊгілік ел" Ұлттық идеясын толық жүзеге асыратынымызға сенімдімін",- деп қорытты сөзін облыс басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны