13.03.2018, 16:43 5203

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2018 жылғы екінші үшем дүниеге келді

Тек соӊғы мерекелік бес күнніӊ өзінде облыс аумағында 700-ге жуық сәби дүние есігін ашқан. Ал 2017 жылы облыста 76 353 сәби дүниеге келген. Олардыӊ жартысына жуығы Шымкент қаласында өмірге келген. Бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы қатарда Түркістан қаласы, Сарыағаш, Мақтаарал және Сайрам аудандары тұр

Шымкент. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Шымкенттегі №1 облыстық перинаталдық орталығында ортақ салмағы сегіз келі шамасында болатын үшем дүниеге келді. Бұл - облыс бойынша жыл басынан бері өмірге келген екінші үшем.

Бақытты ана Гүлжанат Пердебаеваныӊ енді 5 баласы бар. Ұл мен қыздыӊ анасы үшем болатынын төрт айлық кезінде білген екен. Жас ана үш ұл баланы наурыздыӊ 5 күні ота жасау тәсілімен босанған. Дәрігерлердіӊ айтуынша, 35 аптада, айы - күні толмай туған сәбилердіӊ салмағы 2400 грамм, бойы - 45 см, 2600 грамм, бойы - 46 см, 2700 грамм - бойы 48 см екен. Бір аптадан аса уақыттыӊ ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарған, дейді дәрігерлер.

Үшемніӊ ата-анасы Мұхтар мен Гүлжанат Шардара ауданыныӊ тұрғындары, енді оларды бала көбейгендіктен тұрғын-үй мәселесі толғандыра бастағанын айтады. Олар мемлекеттіӊ көмегіне үміт артып отыр.

Елубаевтар әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата - әжелері ырымдап Ерасыл, Нұрасыл, Жанасыл деген ат қойған. Олар осыдан үш жыл бұрын атажұртқа Өзбекстаннан көшіп келген.

Жалпы статистикалық мәліметке сүйенсек, соӊғы 10 жылдыӊ ішінде облыста жыл сайын 7-13 үшем дүние есігін ашады екен. Осы уақыт ішінде 81 үшем туған. Ал бір жылда дүниеге келетін егіздердіӊ саны - 800-ге жуық. Он жылда туған жергілікті егіздер саны - 7 мыӊнан асады. Тек соӊғы мерекелік бес күнніӊ өзінде облыс аумағында 700-ге жуық сәби дүние есігін ашқан. Ал 2017 жылы облыста 76 353 сәби дүниеге келген. Олардыӊ жартысына жуығы Шымкент қаласында өмірге келген. Бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы қатарда Түркістан қаласы, Сарыағаш, Мақтаарал және Сайрам аудандары тұр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны