04.05.2009, 16:07 2891

Оңтүстік Қазақстан облысында 20 ұлттық-мәдени орталыққа 100 мың теңгеден гранттар берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында 20 ұлттық-мәдени орталыққа 100 мың теңгеден гранттар берілді

Шымкент. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан халқының бірлігі күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі осындағы 20 ұлттық-мәдени орталыққа 100 мың теңгеден гранттар табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ұлттық-мәдени орталықтар бұл қаржыны түрлі іс-шараларды өткізуге, атап айтсақ, Ұлыстар күнін, басқа да ұлттық мерекелерді өткізуге, орталықтардың жанындағы 15 жексенбілік мектептерге оқулықтар сатып алуға жұмсайды, бұл мектептерде неміс, еврей, кәріс және басқа да тілдер оқытылады.

Жалпы 2 млн 500 мың адам тұратын Оңтүстік Қазақстан облысында 20 ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді, олардың арасында көптеген диаспораларды біріктіретін "Ынтымақ" ұлтаралық орталығы да бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны