25.05.2010, 11:14 2865

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы мектептерде үш ауысыммен оқу проблемасы жойылады

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы мектептерде үш ауысыммен оқу проблемасы жойылады

Шымкент. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы мектептерде үш ауысыммен оқу проблемасы жойылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО білім басқармасының төрайымы Балқия Көмекбаеваға сілтеме жасап.

Балқия Көмекбаеваның айтуынша, биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша үш жаңа мектеп пен 16 мектепке қосалқы ғимарат қосып салу есебінен үш ауысыммен оқу проблемасы жойылады. Қазір облыстағы 29 мектепте балалар үш ауысыммен оқуда.

"Сонымен бірге облыста 62 мектеп апаттық жағдайда, соның ішінде 7 мектептің құрылысы қазір жүргізіліп жатыр, облыстық бюджеттен алғаш рет бірден 45 мектептің құрылысы бір жерде басталып, енді бір жерде одан әрі жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда биыл бізде 64 мектеп салынады және 16 балабақшаның құрылысы басталады. Бұл біз үшін үлкен демеу, көптен бері мұндай оқиға болмаған", - деді Б. Көмекбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны