15.03.2007, 16:50 3210

Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтық бағдарламалар жеткілікті қаржыландырылмай отыр - әкім

ШЫМКЕНТ. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан аймақтық бағдарламалар бюджеттік қаржымен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы облыс әкімшілігінің кеше өткен отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнде аймақтық бағдарламалардың 81,2 пайызы ғана бюджеттік қаржымен қамтамасыз етілген",- деді Ө. Шүкеев.

Атап айтқанда, әкім бюджеттік қаржымен "Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама" 3,8 пайызға , "Мәдени мұра" - 22,4 пайызға, ұзақ мерізімді "Таза су" бағдарламасы 32,1 пайызға ғана қамтамасыз етілгендігін хабардар етті. "Шымкенттің су қамтамасыздығы және су әкету жүйесін жаңалау, салу және техникалық қайта жарақтау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы" іс-шараларын жүзеге асыруға 2008 жылы республикалық бюджет қаржысынан 1 млрд 175 мың теңге бөлу жоспарланған. Бірақ, қаржы бөлу республиканың орта мерізімді жоспарында қарастырылмаған.

Ө. Шүкеев, бүгінде облыста жалпы құны 215 млрд теңгені құрайтын 25 аймақтық бағдарлама жүзеге асырылып жатқандығын хабарлады. Өткен жыл ішінде аймақтық бағдарламалардың құны нақтыланып, төрт бағдарламаның құны жалпы көлемі 829 млн теңгеге төмендетілді.

Сонымен қатар, облыс әкімі "жекелеген бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар мен тетіктердің қайталанатындығын" атап өтті. Мысалы, "Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған бағдарлама" мен "Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың бірінші кезектегі іс-шаралары жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаның" іс-шаралары негізінен бір-бірін қайталайды.

Ө. Шүкеев, жүзеге асырылып жатқан және де әзірленіп жатқан бағдарламалардың санын оңтайландыру қажет екендігін атап өтті. "Бағдарламалар проблемаларды кешенді шешуге бағытталып, қаржы, еңбек және техникалық қор мен оларды қамтамасыз ету көздерімен теңестірілуге тиіс",- деп атап көрсетті. Ө. Шүкеев "жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардан күтілетін нәтиже бақыланатын және тексерілетін индикаторлармен айшықталуға тиіс" екеніне баса назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны