30.09.2016, 08:57 6772

Оӊтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жұмыспен қамту жайы талқыланды

"БҰҰ-Ийелдер" көпмемлекеттік офисі Орталық Азиядағы әлеуметтік әлсіз әйелдерге қолдау көрсететін мемлекеттік заӊнамалар мен бағдарламаларды зерттеді. Зерттеудіӊ мақсаттарыныӊ бірі әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және табыс көздеріндегі мүмкіндіктерін арттыру үшін маӊызды МЕҰ және тәуелсіз сарапшылар тізімін анықтау еді.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Таяуда Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия "БҰҰ-Ийелдер" Орталық Азиядағы көпмемлекеттік офисі үйлестірушілерімен бірлесіп "Илеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жұмыспен қамту саласындағы кәсіпкерлік және табыс көздеріндегі мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету" тақырыбында семинар өткізді,-деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ атқарушы билігі халықтыӊ жағдайын жақсартып, оныӊ ішінде, әлеуметтік әлсіз топтар өкілдерініӊ әл-ауқатын көтеруді жетілдіру механизміндегі гендерлік теӊдікті дамытудыӊ мәселелерін шешу саласын азаматтық қоғаммен ұштастыруда оӊ нәтижелерге ие болып табылады. Сондықтан да, осы мәселелер қаралған жиынға үкіметтік емес ұйым өкілдері, өӊірлік кәсіпкерлер палатасы, азаматтық қоғам ұйымдарыныӊ мүшелері қатысып, аумақ деӊгейінде пилоттық жоба ретінде іске асырылатыны талқыланды. Пилоттық жобаны екінші болып Атырау облысы іске асырмақ.

Айта кетейік, "БҰҰ-Ийелдер" көпмемлекеттік офисі Орталық Азиядағы әлеуметтік әлсіз әйелдерге қолдау көрсететін мемлекеттік заӊнамалар мен бағдарламаларды зерттеді. Зерттеудіӊ мақсаттарыныӊ бірі әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және табыс көздеріндегі мүмкіндіктерін арттыру үшін маӊызды МЕҰ және тәуелсіз сарапшылар тізімін анықтау еді. Бұл жүйе МЕҰ адвокациясы негізінде аталған топ мүшелерініӊ мүмкіндітерін арттыруға бағытталған даму стратегиясын қалыптастырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны