05.12.2012, 18:29 3105

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында бір күнде жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Шымкент. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында бір күнде жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Абай ауылында емхана мен аурухана, Алғабаста фельдшерлік-акушерлік бекет тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Сонымен қатар, 5200 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма да іске қосылды.

Кезінде Келес ауданының орталығы болған Абай ауылындағы аурухана, осыдан 50 жылдай бұрын салынған, дертіне шипа іздеп келгендердің барлығын сыйдыра алмайды. Ауылда қазір 20 мыңға тарта тұрғын бар. Сол себепті де жаңа медициналық мекеменің ашылғанына ел қуанып отыр. Перзенхана мен балалар бөлімі бар. Соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жарақталған. Күрделі операцияларды жасай алатын дәрігерлер ұжымы топтастырылыпты.

Мұндағы емхана ауысымына 200 адам қабылдай алады, аурухана 150 науқасқа есептелген. Алғабас ауылында облыс қаржысына салынған фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді.

Сарыағаш ауданы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Осы уақытқа дейін 800 тонна ғана ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймасы бар еді. Тағы да сыйымдылығы 5200 тонналық қойма іске қосылды.

Сонда еліміздің солтүстігіндегі облыстарға Сарыағаш ауданы жыл он екі ай ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізіп тұратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны