30.09.2016, 09:56 6795

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Анаға апарар жол" фильмініӊ көрсетілімі өтті

Тарихи драманыӊ түсірілімі Қазақстан, Беларусь, Изірбайжан жерінде өтсе, Минскіде әскери кезеӊніӊ эпизодтары түсірілді. "Днепрді алу" кезіндегі қанды қырғынға 500-ден астам адам, 300 әскери техника, сондай-ақ кәсіби каскадерлер мен пиротехникалық заттар қолданылды.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкенттегі "Көрме" орталығында Ақан Сатаевтыӊ "Анаға апарар жол" тарихи драмасыныӊ премьералық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Аталған жалпыұлттық көркем фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ мен "Жаӊа әлем продакшн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе түсірген.

"Анаға апарар жол" кинокартинасы - қазіргі ұлттық кинематографиядағы еӊ айтулы қойылымныӊ бірі. Сюжет желісіне фильм кейіпкерініӊ басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатыныӊ күші туралы оқиға өзек болған. Басты кейіпкер Ілияс (Иділ Ахметов) пен анасыныӊ (Алтынай Нөгербек) арасындағы ұлы сезім олардыӊ басына туған барлық қиын күндерді артқа тастап, қайта қауышуына себепші болады. Фильм 1930 жылдан бастап қазірге дейінгі аралықты қамтиды. Мұнда халықтыӊ басынан өткен қиын-қыстау кезеӊдер (ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары) басты кейіпкерлердіӊ тұрмыс-тіршілігі арқылы беріліп отырады. Фильм өмірлік құндылықтардыӊ бағасын пайымдап, айналаға деген көзқарасты қайта зерделеуге жол ашады.

Тарихи драманыӊ түсірілімі Қазақстан, Беларусь, Изірбайжан жерінде өтсе, Минскіде әскери кезеӊніӊ эпизодтары түсірілді. "Днепрді алу" кезіндегі қанды қырғынға 500-ден астам адам, 300 әскери техника, сондай-ақ кәсіби каскадерлер мен пиротехникалық заттар қолданылды. Жалпы картинаныӊ жұмысына бас-аяғы 2 мыӊ адам қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны