09.09.2009, 17:41 3015

Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының "қара жәшігі" табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының "қара жәшігі" табылды , деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Орталық аппараттың жедел штабының хабарлауынша, тікұшақтың борттағы жазбаларды түсіріп алатын қондырғы табылды. Ол ішіндегісін оқу үшін мамандарға табысталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының "қара жәшігі" табылды , деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орталық аппараттың жедел штабының хабарлауынша, тікұшақтың борттағы жазбаларды түсіріп алатын қондырғы табылды. Ол ішіндегісін оқу үшін мамандарға табысталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іздестіру-құтқару топтары апат болған жерлерді қайта сүзіп шығып, қаза тапқан әскерилердің дене мүшелерінің бөлшектерін тапты. "Олар тану іс-шарасы үшін сараптама жіберілді", -делінген хабарламада.

"Шекара қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерінде үш күн - қаралы күн деп жарияланды. Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығы мен жеке құрамы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі жауынгерлік міндетін атқару барысында қаза тапқандардың жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны