13.07.2007, 15:11 3080

Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір төртінші бала емдеуді қажет етеді - кәсіби тексеру нәтижесі

ШЫМКЕНТ. 13-шілде. Kazakhstan Today. Кәсіби тексеру нәтижесіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір төртінші бала емдеуді қажет ететіні анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстың бас педиатры Балжан Исабекова хабарлады.

"Алдын-ала тексеру қорытындысы бойынша қосымша емдеуді талап ететін 97 106 (24,8%) науқас бала анықталған", - деді Б. Исабекова. Оның айтуынша, сәуірден бері кәсіби тексеру аясына 392 мың бала мен 832 130 жасөспірім қамтылған.

Бас педиатрдың ақпаратына сәйкес, науқас балалардың ең көп бөлігі қалаларда тұрады. "Бұл түсінікті де, өйткені, қалаларда мамандар көп болуға байланысты аурулардың анықталу деңгейі де жоғары. Ал мамандар мүлдем жетіспейтін шалғайдағы Бәйдібек және Созақ аудандары туралы не айтуға болады? Бұл жерлерде анықталған науқастар саны тиісінше 8,1 және 5,5% қана".

Тексеру қорытындысы бойынша тыныс алу, көру органдары, асқазан және ішек жолы, қозғалыс аппаратының аурулары мен анемия жиі кездеседі.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің ақпаратына сәйкес, кәсіби зерттеу мақсатына (зертханалық тексерулер, дәрігер -лаборанттардың еңбекақысын төлеу, реактивтер сатып алу мен тіс дәрігеріне қаралуға) биыл 300 млн теңге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны