27.09.2016, 07:50 3876

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағындағы жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілген шараға мыӊнан астам полиция және басқа да қызмет өкілдері, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым қызметкерлері жұмылдырылды.

Шымкент. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағында жүргізілген "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасыныӊ 3 күнінде 900-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағындағы жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілген шараға мыӊнан астам полиция және басқа да қызмет өкілдері, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым қызметкерлері жұмылдырылды.

Үш күндік "Автобус" іс-шарасын қорытындылаған полицейлер, шара барысында қоғамдық және жолаушылар тасмалдау көліктері жүргізушілері тарапынан орын алған жол қозғалысы ережесін бұзудыӊ 864 дерегін анықтады. Оныӊ ішінде тасымалдаушыныӊ жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жөніндегі міндетті сақтандыруыныӊ болмауы бойынша 14 дерек, тасымалдаушыда жолдаушылардыӊ тізімі болмауы бойынша 98 дерек анықталды.

Ал полицейлер жылдамдықты арттырған 76, маневр жасау ережесін бұзған 117, еӊбек режимі мен демалыс тәртібін сақтамаған 11, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефон пайдалаған 243, жолаушыларды және жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі болмаған 20 дерек анықталып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, заӊсыз қайта жабдықтаудыӊ 18, техникалық байқаудан өтпеудіӊ 105, жаяу жүргіншілерге жол бермеудіӊ 50, шығарындылардағы ластаушы заттардыӊ құрамы нормативтерініӊ бұзылған 20 дерегі анықталса, қалған 92 дерек басқа да бұзушылықтар.

Оӊтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері жүйелі түрде өткізіп отыратын алдын алу іс-шаралары жолаушылар тасымалдайтын автокөліктердіӊ қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларыныӊ жолын кесіп, санын азайтады деп сенеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны