25.10.2016, 17:41 3930

Оӊтүстік Қазақстан облысында азаматтық белсенділердіӊ "Мove up 2050" жалпыұлттық кездесуі өтті

"MOVE UP 2050" Азаматтық белсенділердіӊ жалпыұлттық кездесуі - жаӊа буын көшбасшыларыныӊ өзара кәсіби байланыс орнатуына қолайлы республикалық коммуникациялық алаӊ.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысында азаматтық белсенділердіӊ "Мove up 2050" жалпыұлттық кездесуі өтті, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Бұл кездесуді "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысы өткізді.

Жас әрі табысты қазақстандықтар өзара тәжірибе алмасу үшін Оӊтүстік Қазақстан облысында жиналды.

Іс-шара облыстыӊ Төле би ауданындағы ALMA TAU шипажайында қазанныӊ 21 мен 23 аралығында 3 күнге жалғасты. Өӊірге жас әрі табысты 170 қазақстандық, танымал саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері жиналды. Форумға қатысулылардыӊ өзара таныстығы да бөлекше өтті, әрбір қатысушы өз өӊірі немесе қаласын таныстырғаннан кейін бірден шағын дискотека басталды. Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, мұндай форум осымен үшінші рет өткізіліп отыр және осы уақытта "Move up 2050" қозғалысына қатысушылардыӊ саны 1000-ға жеткен. Олардыӊ барлығы да қазақстандықтардыӊ өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларға белсене атсалысуда.

"Жобалар, мәселен, "Зияткер ұрпақ" секілді әлеуметтік жобалардан бастап сан алуан болды. Біз сәттілікке өз күштерімен жеткен адамдарды шақырдық. Олар ауылдық округтерге шығып, мектеп оқушылары алдында өздерініӊ сәттілік тарихтарымен бөлісті. Қазақстанда баламасы жоқ бір медициналық кітапты аударуға қатысты да жоба болды. Оны біз қазақ тіліне аударып, республикадағы кардиологиялық орталықтардыӊ барлығына тегін тараттық",- деді ұйымдастырушы Мұхтар Манкеев.

Жиналғандар еӊ асыға күткен сарапшылар сессиясына Ерлан Қарин, Алексей Ситников, Айдос Сарым, бизнесмен Айдан Кәрібжанов, Павлодар мемлекеттік университетініӊ ректоры Арын Орсариев және Шымкент әкімі Ғабидулла Ибдірахымов секілді танымал саяси және қоғам қайраткерлері қатысты. Спикерлер "Келешек әлем және Қазақстанныӊ ондағы орны" тақырыбында ой қозғады. Жалпы сессиядан кейін сарапшылар келушілерге арнап шеберлік сабақтарын өткізді. Айталық, Айдан Кәрібжанов өзініӊ сәттілік тарихы туралы және Қазақстанда орта және шағын бизнесті дамыту жайындағы өз пікірімен бөлісті. Кәсіпкер білімніӊ маӊызына тоқталып, желілік маркетингпен айналыспауға кеӊес берді. Жиналған жастап сприкердіӊ ілгерішіл көзқарасынан қанаттанып қайтты.

"Айдан Тобаниязовичтіӊ тек бизнестегі ғана емес, өмірлік тәжірибесі де үлкен. Оған қоса тамаша білім игерген. Кездесуге келгендердіӊ бәрі де өзіндік іс көзін тауып ілгерілетуге деген құлшыныспен және сеніммен қаруланып шықты. Өз бойларындағы дарынды іздеуге кірісті",- дейді форумға қатысушы Алида Түйебекова.

Белсенділер сессиялар аяқталғаннан кейін "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысыныӊ 3 жылдық жұмысын қорытындылап, азаматтық белсенділердіӊ резолюциясын қабылдады және оны нұсқаулар түрінде тиісті мемлекеттік мекемелерге жолдауға уағдаласты.

"MOVE UP 2050" Азаматтық белсенділердіӊ жалпыұлттық кездесуі - жаӊа буын көшбасшыларыныӊ өзара кәсіби байланыс орнатуына қолайлы республикалық коммуникациялық алаӊ.

Мақсаты: Жоғары деӊгейлі кәсіби мамандардыӊ жаӊа буынын Мәӊгілік Ел және"Қазақстан 2050" Стратегиясы құндылықтарыныӊ төӊірегінде біріктіру. Қозғалыстыӊ жұмыс бағытыныӊ маӊыздылығы мен өзектілігін сақтау, тиімділігі мен сабақтастығын арттыру.

Міндеттері:

- жас жоғары білікті мамандардыӊ кәсіби коммуникациялық желісін құру;

- тағдыры үшін жауапкершілікті өз қолына ала білу қасиеттерін бойына сіӊіру;

- жастар мәселелерін шешу жолында жас көшбасшылардыӊ әлеуетін пайдалану;

- мемлекетті дамытудыӊ стратегиялық бағдарламаларында көрсетілген идеяларды насихаттау;

- озық жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру үшін қажет сервис пен қызмет ұсыну;

- қатысушыларға кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретін бағдарлама ұсыну.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны