23.05.2007, 18:19 2848

Оңтүстік Қазақстан облысында балаларды ВИЧ індетіне жаппай тексеру тоқтатылды

ШЫМКЕНТ. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының емдеу мекемелерінде балаларды ВИЧ індетіне жаппай тексеру тоқтатылды. Бұл туралы ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысында облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жаппай тексерудің тиімсіз екендігіне біздің көзіміз жетті",- деді ол. "ВИЧ індеті табылған барлық бала бұрындары да клиникалық тексеруден өткен",- деп түсіндірді бас дәрігер.

Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев жаппай тексеруді тоқтатуды қолдады. "Демек, енді емханаға келгенде балалардан ВИЧ-ке анализ алмаймыз ба? Бұл жақсы. Бұл өте ауыр күйзеліс: адамдар анализ тапсырып, оны айлап күтеді",- деді ол.

Н. Бабина, енді ВИЧ індетін тексеру анализі тек ауруханаларға емделуге жатқан балалардан ғана алынатындығын хабарлады.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 111 бала ВИЧ індетін жұқтырған, олардың тоғызы қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. Сонымен қатар, індет жұқтырған 14 бүлдіршіннің анасына "ВИЧ" диагнозы қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны