31.08.2006, 15:17 6910

Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ВИЧ індетін жұқтырғаны үшін жауапкершілікті облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы жүктеуге тиіс дейді саланы басқаратын министр

АСТАНА. 31-тамыз.Kazakhstan Today. Еліміздің денсаулық сақтау министрінің пікірінше, Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ВИЧ індетін жұқтырғаны үшін жауапкершілікті облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы жүктеуге тиіс. Бұл туралы Ерболат Досаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Меніңше, облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы осында қалыптасқан ахуалға байланысты жауапкершілікті тікелей жүктеп алуға тиіс",- деп мәлімдеді Е.Досаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Дейтұрғанмен, министрдің айтуынша, "ол басқаратын мекеме де аталмыш ахуалға байланысты жауапкершілік үлесінен бас тартпайды". "Алайда, облыстық және аудандық деңгейдегі ауруханалар, емханалар мен амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, қан құю станцияларының іс-қызметін қамтамасыз ету мен олардың жұмысын басқару - жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігіндегі мәселе, бұл - олардың күнделікті жұмысы",- деді Е.Досаев.

"Бұл оқиғаға кімнің тікелей кінәсі бар екенін тергеу мкемелері мен соттың шешімі көрсетеді. Дегенмен, облыстық денсаулық сақтау департаменті мен бақылау және қадағалау ісімен айналысатын басқа да бұтақтарда қалыптасқан ахуал - өзінің қызмет бабындағы міндетіне немқұрайды және жауапсыз қарау - тікелей дәлелденген дерек, бұны тіпті талқылап жатудың да қажеті шамалы",- деді ол.

Сонымен бірге Е.Досаев денсаулық сақтау департаменттерін маманмен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің құзырына жатпайтынын атап өтті. "Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау мекемелерін әдістемелік тұрғыда толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге тиіс",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазіргі жағдаймен ВИЧ індеті деген диагноз Оңтүстік Қазақстан облысында 40 балада анықталды. Тағы 12 бала дерт жұқтырды деген күдік бар. Індет жұқтырған барлық бала жергілікті медициналық мекемелерде емделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны