18.01.2007, 13:15 2551

Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ВИЧ індетін жұқтыруы туралы іс бойынша сот жабық түрде өтеді

ШЫМКЕНТ. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ВИЧ індетін жұқтыруы туралы іс бойынша сот жабық түрде өтеді, деп хабарлады Шымкенттің Ил-Фараби аудандық сотының төрағасы Зиядинхан Пірнияз. "Жариялылықты сақтай отырып, біз жеке өмірдің құпиялығын да сақтауға тиіспіз. Сондықтан да іс жабық процесс аясында қаралады",- деп мәлім етті баспасөз мәслихатында сөз алған З. Пірниязов.

ШЫМКЕНТ. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ВИЧ індетін жұқтыруы туралы іс бойынша сот жабық түрде өтеді, деп хабарлады Шымкенттің Ил-Фараби аудандық сотының төрағасы Зиядинхан Пірнияз.

"Жариялылықты сақтай отырып, біз жеке өмірдің құпиялығын да сақтауға тиіспіз. Сондықтан да іс жабық процесс аясында қаралады",- деп мәлім етті баспасөз мәслихатында сөз алған З. Пірниязов.

Сондай-ақ, ол айыпталушылар процесстің жабық түрде өтуі туралы өтініш білдірмегендіктерін, дегенмен облыстық прокуратураның ұсынысы бар екендігін хабарлады.

Аудандық соттың төрағасы айыпталушылардың аты-жөнін айтудан бас тартты. Тек іс бойынша 21 адамның, соның ішінде денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетованың айыпталып отырғандығын мәлім етті. "Оған "немқұрайдылық" жөніндегі бап бойынша айып тағылуда",- деді З. Пірниязов.

Сот процессі 19-қаңтарда басталып, облыстық соттың залында өтеді. Ирбір айыпталушының өз адвокаттары, ал жәбірленушілер жағынан қазіргі уақытта екі адвокат бар.

З. Пірниязов журналистерге процесс барысы туралы басқа ешқандай ақпарат берілмейтіндігін хабарлады. "Сіздермен өкімнің заңды күшіне енуінен кейін ғана кездеседі. Сотқа телефон шалып, сауал қоймауларыңызды сұраймын",- деді сот.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 87 бала мен 12 анаға ВИЧ індеті деген диагноз қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны