09.10.2006, 11:10 3153

Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індентін жұқтыруына байланысты 12 қылмыстық іс тексерілуде

ШЫМКЕНТ. 9-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індентін жұқтыруына байланысты 12 қылмыстық іс тексерілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Бас прокурордың аға көмекшісі, арнаулы тергеушілер тобының жетекшісі Төрехан Адай хабарлады.

"Облыстық денсаулық сақтау департаменті мен емдеу мекемелерінің басшыларының үстінен қозғалған қылмыстық істермен қоса облыстық ауруханада қан сатып жүрген әйелдің үстінен де іс қозғалды",- деді Т.Адай ВИЧ індетімен күрес жөніндегі штабтың отырысында.

"Біз қан орталығы мен облыстық аурухананың ортасында қан тасушы курьер болған әйелді таптық. Қан орталықтан тегін жіберілуге тиіс болатын, бірақ, бұл істі бизнеске айналдырып жіберген. Бұл әйелдің дәрігерлермен байланысы, сондай-ақ, қан құю орталығындағылармен байланысы да анықталды",- деді тергеушілер тобының жетекшісі. Ийелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық жөніндегі 177-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге қан орталығының бұрынғы директорының үстінен ауыр қылмысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. "Ол қанды сатып алу бағасын қасақана арзандату туралы бұйрық шығарған. Тапсырылған қан үшін 4 мың теңгенің орнына 23 мың теңге төленген,- деді Т.Адай. - Сондай-ақ, қатарымсыз тапсырылған қанды сату деректері анықталды".

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, тергеу қазіргі жағдаймен біраз табысқа жетті. "Індеттің белең алу себептеріне біз анықтауға жақын қалдық. Күдіктілер тобы анықталды. Біз көп кешікпей айып тағып, бұлтартпау шарасын таңдаймыз",- деді ол. Т.Адайдың айтуынша, немқұрайдылық жөніндегі айыпқа заңсыз пайда табу жөнінде айып қосылады. "Ауруханаларда қалыптастырған дәстүрге сәйкес, егер ата-аналар белгілі мөлшерде ақша төлемесе , науқастарға мүлдем қарамайтын, немесе, жүрді-барды қарайтын болған. Заңсыз сыйақы алу деректерін анықтау үшін бірнеше мәрте тінтулер жүргізіліп, бірқатар тарту-таралғылар табылды",- деді тергеушілер тобының жетекшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова мен оның орынбасарлары - Нағима Жолдасова мен Рахима Қуандықованың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Ташмұхан Тойбеков пен оның орынбасарының, сондай-ақ, аурухананың екі бөлімшесінің меңгерушілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұған қоса облыстық қан орталығының бұрынғы бас дәрігері Шора Сейдіновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Барлық лауазым иелеріне өз міндетіне немқұрайды қараған деген айып тағылып отыр.

Соңғы мәліметке сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жасқа дейінгі 75 баладан ВИЧ індеті анықталды. Олар осындағы ауруханаларда қан немесе оның құрамды бөліктерін ауыстырған кезде ауру жұқтырған деген жорамал бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны