05.03.2007, 14:40 3430

Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты сот мәжілісінде жәбірленушілерді тыңдау жабық түрде өтеді

ШЫМКЕНТ. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот процессінде жәбірленушілерді тыңдау жабық жағдайда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін таңертеңгі сот отырысында жәбірленушілерді тыңдау басталды. Отырыс басталар алдында судья Зиядинхан Пірниязов, жәбірленушілердің қалауы бойынша өздері сөз сөйлейтін сот отырыстарын жабық түрде өтізуге болатындығын түсіндірді. Бірінші сөз алған жәбірленуші өзінің осы құқығын пайдаланды. Судья журналистердің сот залынан шығуын өтінді.

Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, сотта 80-ге жуық жәбірленуші тыңдалынады. Куәгерлерден жауап алу тек жәбірленушілерді тыңдап біткеннен кейін ғана өте ме, әлде осы процесспен қатар өте ме, ол әлі белгісіз. Дегенмен, З. Пірниязовтың сөздеріне сүйенсек, "бүгін СПИД-орталығының өкілдері келеді деп күтілген болатын, бірақ олар әлі жоқ".

Нақтыланбаған мәліметтерге сүйенсек, сот процессінде 60-қа жуық куәгер тыңдалынады деп күтілуде.

Бұрын хабарлағанымыздай, Шымкентте 19-қаңтардан бері балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот процессі жүруде. Айыпталушылардың саны 21, олардың 18 медицина қызметкерлері. Олардың екеуі - бухгалтер мен курьер - қамауға алынған, ал қалғандары қаладан шықпау туралы және сот отырысына келу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Осы өткен уақыт ішінде барлық айыпталушылардан жауап алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны