14.09.2016, 14:16 3436

Оӊтүстік Қазақстан облысында биыл 521 егіз нәресте дүниеге келді

Осы жылдыӊ сегіз айында Оӊтүстік Қазақстан облысында 53051 нәресте дүние есігін ашты, оныӊ 521-і егіз болса, төртеуі - үшем.

Оӊтүстік Қазақстан облысында биыл 521 егіз нәресте дүниеге келді

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ сегіз айында Оӊтүстік Қазақстан облысында 53051 нәресте дүние есігін ашты, оныӊ 521-і егіз болса, төртеуі - үшем. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қазақстандағы әрбір бесінші бала Оӊтүстік Қазақстанда өмірге келеді. Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру есебінен жаӊа медициналық мекемелер салынды.

Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда орнатылған. Осыныӊ нәтижесінде, өӊірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші артып келеді.

Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊінде Оӊтүстік Қазақстан облысында 52636 сәби дүние есігін ашты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2015 жылы Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау ісін дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталды.

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы демографиялық ахуал тұтас республика бойынша көрсеткіштіӊ беталысын айқындай отырып, оӊ өзгеріске ие.

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеӊінде 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта облыстыӊ денсаулық сақтау басқармасы мақсатты индикаторларға қол жеткізді:

Облыс халқыныӊ саны 6%, 2429,6-дан 2788,5 мыӊ адамға өсті.

Жыл сайын 75 мыӊнан астам бала дүниеге келеді, бұл Республикадағы әрбір бесінші бала. 2015 жылы 78989 бала туылды (ОҚО туу көрсеткіші - 28,6; ҚР - 23,0).

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 3%, 69,86-дан 71,81 жасқа дейін артты.

Соӊғы 5 жыл ішінде еӊ төменгі халықтыӊ өлім-жітім көрсеткішіне қол жеткізілді - 5,3 (ҚР - 7,5).

Ана мен бала ұйымдарында тиімді перинаталдық технологияларды, БЖАЫЖ стандарттарын ендірудіӊ, ОБА базасында мамандандырылған қызметті ұйымдастырудыӊ арқасында -нәрестелер өлім-жітімініӊ көрсеткіші 1,5 есе, 2011 жылғы 16,7-ден 2015 жылғы 11,0 дейін төмендеді. Аналар өлім-жітімі 1,7 есе 19,4-тен 11,4 дейін төмендеді.

Илеуметтік мәні бар аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеді: ҚАЖА-нан 14 пайызға, 2011 жылғы 168,58-ден 2015 жылғы 144,6 дейін.

Жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 12%, 67,9-дан 59,9 дейін төмендеді (ҚР-85,4). Сонымен бірге жол-көлік оқиғаларынан өлім-жітім көрсеткіші - 19,1, ҚР бойынша еӊ жоғары көрсеткіштіӊ бірі (15,6).

Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 2,1 есе, 6,0-ден 2,8 дейін.

Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші ҚР бойынша еӊ төмен және 56,6 құрады (ҚР-89,9). Онкологиялық аурулар диагноздарын кодтау тәртібініӊ өзгеруіне байланысты қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші мақсатты индикаторға қол жеткізілмеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны