21.02.2018, 12:25 7942

Оӊтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдыӊ алғашқы үшемі дүниеге келді

Шымкенттік дәрігерлер шала туған үшемніӊ өмірін аман алып қалды. №2 облыстық перинаталдық орталықтыӊ дәрігерлері небәрі бір жарым келі салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып бүгін перзентханадан шығарып салды

Шымкент. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Шымкенттік дәрігерлер шала туған үшемніӊ өмірін аман алып қалды. №2 облыстық перинаталдық орталықтыӊ дәрігерлері небәрі бір жарым келі салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып бүгін перзентханадан шығарып салды. Ұрпағы көбейіп, өрісі кеӊейген отбасыныӊ жас ана мен шала туған шақалақтардыӊ өмірін арашалап қалған ақ халаттыларға айтар алғысы шексіз.

Биылғы жылдыӊ алғашқы үшемі 16 - қаӊтар күні дүниеге келген. Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылынан №2 облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген 21 жастағы Гузал Нурмиминоваға шұғыл түрде ота жасалған. Айы - күні толмай туылған сәбилердіӊ салмағы небәрі 1,5 келідей ғана болған (1495 грамм, бойы - 38 см, 1590 грамм, бойы - 40 см, 1640 грамм - бойы 41 см). Дәрігерлер аман алып қалған екі қыз бала мен бір ұл мерзімінен бұрын, яғни, жеті айлық болып дүниеге келген. Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердіӊ үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан үшемніӊ беті бері қарап, алдағы бір айды арнайы күтім жасайтын бөлімшеде өткізді. №2 облыстық перинаталдық орталықтыӊ дәрігерлерініӊ қатаӊ бақылауында болған нәрестелердіӊ әрқайсысы осы уақыт ішінде бір келіден салмақ қосқан. Ақ халаттылардыӊ біліктілігі мен күтімініӊ, тынымсыз еӊбегініӊ арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары бауыры балаларын бауырына басты. Алқаш рет ана атанған 21 жастағы Гузал Нурмиминованыӊ жақындары сәбилерді Зухра, Захро және Хасан деп атаған. Қазір олардыӊ өміріне еш қауіп жоқ. Жалпы соӊғы 10 жылдыӊ ішінде облысымызда жыл сайын 7-13 үшем дүние есігін ашады. Бір жылда дүниеге келетін егіздердіӊ саны - 800-ге жуық.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Оӊтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдыӊ алғашқы үшемі дүниеге келді. 16 қаӊтар күні облыстық №2 перинаталдық орталығында бір ұл мен екі бірдей қыз баласы туған.

Туғанда әрбір баланыӊ салмағы шамамен 1,5 келі болған. 7 айлығында шала туылған сәбилерді дәрігерлер 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып бүгін перзентханадан шығарып отыр. Ақхалаттылар қазір нәрсетелердіӊ денсаулықтары жақсы екенін айтады.

"Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердіӊ үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Жансақтау бөлімінде жатқан үшемніӊ беті 5 күн дегенде бері қарап, қосымша бір ай арнайы күтім жасайтын бөлімшеде болды. Осы аралықта сәбидіӊ әрқайсысы бір келідей салмақ қосты", - деді облыстық перинаталдық орталықтыӊ нәрестелер патологиясы және шала туған нәрестелерді күтім және сырқат бөлімшесініӊ меӊгерушісі Гүлнәр Сапиева.

Алғаш рет ана атанған 21 жастағы Гузал Нурмиминованыӊ жақындары сәбилерді Зухра, Захро және Хасан деп атаған.

Айта кетейік, өӊірде жыл сайын орташа есеппен 7-8 үшем туып келеді. Соӊғы 10 жылда мұндай қуанышқа 79 отбасы кенелген. Ал, жылына Оӊтүстік Қазақстан облысында орташа есеппен 750 егіз өмірге келсе, соӊғы 10 жылда 7259 егіз туған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны