17.09.2007, 17:29 2451

Оңтүстік Қазақстан облысында Біріккен Араб Имірліктері қаржысына салынып жатқан мешіттің жаңа жобасы бекітілді

Оңтүстік Қазақстан облысында Біріккен Араб Имірліктері қаржысына салынып жатқан мешіттің жаңа жобасы бекітілді.

ШЫМКЕНТ. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Біріккен Араб Имірліктерінің қаржылық қатысу барысында салынып жатқан мешіттің жаңа жобасы бекітілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Облыстың орталық мешітін салуға қатысты мәселелерді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов пен Біріккен Араб Имірліктерінің өкілі - Араб әлемі жөніндегі департамент директоры Ахмед аль-Махери талқылады.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Ғабит Садырбаев журналистерге түсіндіріп өткендей, мешіттің алғашқы жобасы біраз өзгертілген. Атап айтқанда, мешіттің құбылаға қарай орналасуы өзгертілген. "Онда техникалық кедергілер болды, Шымкент пен Қағбаның орналасу нүктесін есептеу керек. Біз компьютер арқылы (өзінің арнайы есептеу әдісі бар) есептеп, 239 градус 12 минут 59 секунд екенін анықтадық",- деді ол. Сонымен қатар, жаңа мешіт бұрынғы жобадағыдай ашылған көз пішінінде болмайды, бірақ көлемі жағынан үлкен болады.

"Облыс басшылығы мен Имірліктердің басшылығы бізге сыйымдылығы үш мың адамдық мешіт салу қажет деген ортақ түсіністікке келді",- деді Ғ. Садырбаев. Ол сондай-ақ "қандай жағдайда болмасын, орталық мешіт облыстағы бұрынғы мешіттерден кішкентай болмауға тиіс" деп қосты.

Икім кеңесшісінің ақпараттарына сүйенсек, жаңа мешітте намаз оқитын әйелдер мен еркектерге арналған екі зал, жуынатын бөлме болады. 800 көлікке арналған көлік тұрағы да қарастырылған. Екі қабатты ғимарттың биіктігі 30 метрден асып жығылады.

Алдын-ала жасалған есеп бойынша, қаржыландыру көлемі 7,5 млн теңгені құрайды. Құрылыс келесі жылдың қыркүйегіне аяқталады жоспарлануда.

Ғ. Садырбаевтың айтуынша, оңтүстік қазақстандық орталық мешіт Қазақстан бойынша ең үлкен әрі сыйымдылығы 2700 адамды құрайтын Алматы мешітінен де асып түспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны