19.06.2009, 16:24 2851

Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттік мекемелер алдағы қыс маусымына арнап көмір жеткізуге әзірге кірісе қойған жоқ - әкім

Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттік мекемелер алдағы қыс маусымына арнап көмір жеткізуге әзірге кірісе қойған жоқ - әкім

Шымкент. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттік мекемелер алдағы қыс маусымына арнап көмір жеткізуге әзірге кірісе қойған жоқ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов кеше қысқа дайындық жөніндегі облыстық штабтың отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Отырыста нақтыланғанындай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік мекемелердің қыс маусымындағы көмірге деген сұранысы 123 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі жағдаймен облысқа небәрі 3 мың тонна көмір жеткізілген. Көмірдің бір тоннасының бағасы - 4 800 теңге. Алайда әзірге денсаулық сақтау және білім беру нысандарына арнап бір тонна да отын алынбаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны