27.08.2007, 14:52 2899

Оңтүстік Қазақстан облысында бұрынғы төрт шекарашы қызметтесін өлтіргені үшін түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында бұрынғы төрт шекарашы әлімжеттік әрекеттері мен қызметтесін өлтіргені үшін түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында бұрынғы төрт шекарашы әлімжеттік әрекеттері мен қызметтесін өлтіргені үшін түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының әскери прокурорының аға кеңесшісі Серік Ибсеметов хабарлады .

Ол аталмыш іс бойынша қатардағы жауынгер Ерболат Жаппаров, кіші сержант Аяз Гусманов, қатардағы жауынгер Альмурат Мухамеджанов пен қатардағы Марат Қалқаевтың жауапқа тартылғанын еске салды. Өткен жылдың аяғында "Дархан" шекаралық заставасында (Сарыағаш ауданы) аталған әскерлер бөлімшеге жаңадан келген жас сарбаздарды кемсіте қорлап, соққыға жығып, келеке еткен. Соның салдарынан бірнеше әскер түрлі жарақататрмен ауруханаға жатқызылып, 21 жастағы сержант Бекболат Нетуллин дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, басынан орындықпен ұрудан болған жарақаттан қайтыс болған.

С. Ипсеметовтың хабарлауынша, Шымкент гарнизонының әскери соты Е. Жаппаровты үш бап бойынша, соның ішінде ең ауыры - адам денсаулығына қасақана ауыр залал келтіру салдарынан өлімге апарып соғу жөніндегі баппен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. "Мұхамеджанов өзінен шені жоғары адамды соққыға жыққаны, сондай-ақ, әлімжеттік әрекеттері үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған екеуі әлімжеттік әрекеттері үшін бір жарым жылға кесілді", - деді ол.

Прокурордың аға көмекшісінің ақпаратына сәйкес, Е. Жаппаров пен А. Гусманов үкімге қарсы шағымданған. Ал С. Ипсеметовтың өзі сот үкімі әділетті деп санайды. "Бұл жерде көшедегі басбұзарлар мен бұзақылар туралы сөз болып отырған жоқ. Бұл адамдарға мемлекет шекара күзетін сеніп тапсырған, ал тексере келгенде "қорғаушыларымыз" қылмыскерлер болып шықты. Бұл үкім басқа барлық әскерилер үшін тікелей сабақ болады деп сенемін. Біз бұдан былай да ары мен антын ұмытып, заңнан аттағандарды қатаң жазаға тартатын боламыз", - деп түсіндірді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны