16.09.2016, 17:36 4213

Оӊтүстік Қазақстан облысында "e.ontustik.kz" порталы жұмыс істеуде

Аталған жоба халықтыӊ билікке сенімін арттыра отырып, ашықтықты, айқындықты қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық көріністерініӊ алдын алуға мүмкіндік береді.

Шымкент. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында бюджеттен тыс қаржысға e.ontustik.kz порталы құрылып, жұмыс істеуде. Аталған портал облыс әкімдігініӊ жас таланттарды қолдауға бағытталған іс-шаралары аясында жүзеге асырылған жоба. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімініӊ басшысы Е.Өтебаев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, аталған жоба халықтыӊ билікке сенімін арттыра отырып, ашықтықты, айқындықты қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық көріністерініӊ алдын алуға мүмкіндік береді.

Брифингке қатысқан облыс әкімі аппараты персоналды басқару қызметініӊ басшысы Ж.Наушабай бұл жобаныӊ тиімділігін айтып, барлық үміткерлер мектеп директорларын тағайындау бойынша жарияланған конкурсқа құжат тапсыруды автоматтандырылған түрде жүзеге асыра алатынын жеткізді. Ол үшін үміткер азамат, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне бармай-ақ, адам факторы араласуынсыз ХҚКО-на барып немесе үйде отырып-ақ, электронды түрде құжат тапсыра алады.

Алдағы уақытта денсаулық саласы және білім беру саласы қызметкерлерін аттестациядан өткізу автоматтандырылып, осы жүйеде іске қосылады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта 1313 номерімен шұғыл желі іске қосылып, мемлекеттік қызмет көрсетуге, әлеуметтік сала жұмысына байланысты арыз- шағымдарды қабылдау бойынша сенім телефоны жұмыс істей бастайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны