13.01.2018, 21:11 4700

Оӊтүстік Қазақстан облысында екі оӊалту орталығы ашылды

Оӊтүстік Қазақстан облысында балаларға арналған екі бірдей неврологиялық оӊалту орталығы ашылды.

Шымкент. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында балаларға арналған екі бірдей неврологиялық оӊалту орталығы ашылды. Мұндай мекеме бүгінге дейін еліміз бойынша тек Астана қаласында ғана болып келсе, енді Шымкентте де жұмысын бастады. Бұған әсіресе кезекте тұрып, елордаға сабылып шаршайтын ата-аналар айрықша қуануда. Қос орталықтыӊ жұмысымен танысқан Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев мұндай мекемелер балалар арасындағы мүгедектікті төмендететініне сенім білдірді.

"Облысымызда бүгінге дейін церебральді параличі диагнозы бар балаларды емдейтін арнайы мекеме болмаған. Жалпы өӊірімізде неврологиялық аурулармен 3 жасқа дейінгі 2 мыӊға жуық бала есепте тұрады. Олар бұған дейін реабилитациялық ем алу үшін Астана қаласындағы оӊалту орталығына баруға мәжбүр еді. Бұл науқас балалардыӊ ата-аналарына айтарлықтай қиындық тудырып келді. Осы мәселелерді талдай келе, ауру балаларды уақытылы, кешенді, жүйелі реабилитациямен толық қамтуға бағытталған орталықтар ашу қажеттілігі туындады. Жүйелі жұмыстардыӊ нәтижесінде бүгін міне, екі бірдей мекеме пайдалануға беріліп отыр", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Орталықтыӊ бірі 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге, ал екіншісі 15 жасқа дейінгі неврологиялык аурулармен ауыратын жеткіншектерді емдейді. 100 орындық қос орталық та реабилитациялық ем алуға қажетті роботтандырылған "LOKOSTATION" құрылғысымен жабдықталған. Бұл аппарат 4 жасар церебралды параличімен ауыратын балаларға қолданылады. Қондырғыда жасалған жаттығулар жүруге қажетті барлық бұлшық еттер мен ми қыртысыныӊ дұрыс қалыптасуына көмектесіп, науқастыӊ тез оӊалуына ықпал жасайды. Ирбір орталықта жылына 3200 баланы жоспарлы түрде оӊалтудан өткізуге мүмкіндік қарастырылған.

Қос орталықтыӊ мүмкіндіктерімен танысқан өӊір басшысы алдағы уақытта мекеменіӊ мамандарын алыс-жақын шет елдерге жіберіп, кәсіби біліктілігін арттыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Осы бастаманыӊ негізінде жақын күндері Германиядан халықаралық жаттықтырушылар келіп, қос орталықтыӊ мамандарына науқастыӊ тірек-қимыл қозғалысын қалпына келтіру бойынша семинар тренингтер өткізбек.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны