30.06.2008, 13:43 3011

Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатының тапшылығы арта түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатының тапшылығы арта түсті

Шымкент. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте электр қуатының тапшылығына байланысты жарық оқтын-оқтын өшірілуде, жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздер нәтижесін бермей отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бізде 45 МВт/сағ көлемінде тапшылық болған, ал қазір Жамбыл ГРЭС-і де шектеу енгізді. Қырғыз елімен электр қуатын беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде, бірақ, оның құны - шекарада ҚҚС есептемегенде 65 центке тең, ал оның бағасы осында 10 теңгеден асады. Бз тарифті 10,5 теңгеден белгілеуге өтініш бердік", -деді "Энергопоток" ЖШС бұқарамен байланыс бөлімінің менеджері Оксана Иванова.

Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында 1 кВт/сағ құны ҚҚС қоса есептегенде 7,73 теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны