29.01.2018, 17:12 5644

Оӊтүстік Қазақстан облысында электронды қызмет түрлеріне үйрету мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды

Шымкент қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ ОҚО бойынша департаментініӊ ұйымдастырумен мұғалімдерге арналған электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша практикалық семинар өтті.

Шымкент. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Шымкент қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ ОҚО бойынша департаментініӊ ұйымдастырумен мұғалімдерге арналған электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша практикалық семинар өтті. Шараға халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ мамандары мен Шымкент қалалық білім бөлімі басшылары және шаһардағы 130 мектептіӊ директорлары қатысты.

Мастер-класс форматында ұйымдастырылған басқосудыӊ мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарыныӊ жай-жапсарын түсіндіру. Арнайы оқудан өткен мектеп басшылары информатика пәні мұғалімдері арқылы өз ұжымдарын түгел электрондық порталда қызмет алуға баулуға мүмкіндік алмақ.

Семинарда сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ ОҚО бойынша департаментініӊ басшысы ?.Көмекбаев электронды қызметті қолданудыӊ адам өміріндегі пайдалы тұстарына тоқталды.

"Бүгінгі семинардыӊ ұстаздар қауымы үшін берері көп деп ойлаймын. Мұғалімдер осындай шаралар арқылы электрондық порталда жұмыс жасау бойынша жоғары сынып оқушыларыныӊ және олардыӊ отбасы мүшелерініӊ цифрлық сауаттарын ашуға мұрындық болады. Жуырда ғана облыстыӊ 8 мыӊнан астам мемлекеттік қызметшілері үйден шықпай-ақ, электронды порталда мемлекеттік қызмет алуға қол жеткізді. Енді осы эстафетаны біз ұстаздар қауымына ұсынып отырмыз", - деді Или Амантайұлы.

Семинардыӊ маӊыздылығына тоқталған Шымкент қалалық білім бөлімініӊ басшысы Жанат Т?жиева электронды қызмет көрсетуге байланысты алда атқарылар жұмыстарды баяндап, ұстаздарды жаӊа жүйеде жұмыс істеуге шақырды. Семинар соӊында қатысушыларға "Оӊай әрі жылдам қызмет ал" тақырыбында жасақталған брошюролар таратылды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны