30.11.2016, 20:39 6606

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" тақырыбында фотокөрме өтті

Шымкенттегі Көрме орталығында ұйымдастырылған "Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы" тақырыбындағы фотокөрмеге 70-ке жуық фотосурет қойылған.

Шымкент. 30 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында өӊір басшысы Жансейіт Түймебаевтыӊ қатысуымен ҚР Тұӊғыш Президенті күніне арналған шара өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкенттегі Көрме орталығында ұйымдастырылған "Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы" тақырыбындағы фотокөрмеге 70-ке жуық фотосурет қойылған. Тәуелсіз Қазақстанныӊ қалыптасуы мен нығаюындағы Тұӊғыш Президент - Елбасыныӊ рөлі, сондай-ақ, тәуелсіздіктіӊ қалыптасуыныӊ негізгі кезеӊдері мен Қазақстанныӊ сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері және дамуы көрсетілген фотошежіре Елбасыныӊ Егемендік жылдарындағы тарихи сәттері мен Тәуелсіздік шежіресі атты топтық жинақталған суреттерден басталады.

1991-2000 жылдар аралығындағы ақ-қара суреттер Оӊтүстікте Елбасыныӊ халықпен жүздесуі, Ордабасыдағы жиын, Тұрғыт Озал, Ислам Каримов, Асқар Ақаевтардыӊ тарихи фотолары, Түркістанныӊ 1500 жылдығы, Оӊтүстік өндірісі, ауыл шаруашылығы, "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша қас-қағым сәттерді бейнелейді.

Сонымен бірге, мұнда "Мәӊгілік ел", "ЕXPO - Халықаралық көрмесі", ел таӊдауы - Н.Назарбаевтыӊ соӊғы сайлаудағы ұлықталуы және 2015-2016 жылдардағы халықаралық кездесулердіӊ фотолары қойылған. Көрмеде хронологиялық жылдар тізбесі бойынша экспозиция мәтіні сақталған. Еліміздіӊ 25 жылдық тарихы мен Оӊтүстік өӊірініӊ дамуын көрсете білген барлық фото жаӊадан жинақталып басылған.

Облыс әкіміне осынау тақырыптық фотошежіре туралы баяндаған облыстық бейнелеу өнері музейініӊ директоры, ҚР Көркем сурет академиясыныӊ академигі Айнабек Оспанов мұнда Елбасыныӊ Тәуелсіздік алған жылдардан бері Оӊтүстікке жасаған 50 шақты сапарыныӊ бірегейлері, тіпті, кейбірініӊ еш жерде жарияланбаған эксклюзив даналары орын алғанын жеткізді.

Айта кету керек, "Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы" тақырыбындағы

фотокөрмесіне кіру тегін. Келушілер үшін көрме 1 желтоқсан күні кешке дейін дейін жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны