24.09.2016, 09:52 5143

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Еӊбек күні" мерекесіне арналған форум өтті

Бұл күні өз саласында талмай еӊбек етіп, өз ісініӊ білгірі атанған 28 азаматқа "Еӊбек ардагері", "Облысқа сіӊірген еӊбегі үшін" медалі және облыс әкімініӊ Грамотасы мен Алғыс хаты табысталды
Шымкент. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов кеше Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда "Еңбек күні" мерекесіне арналған жұмысшылар мен еңбек династияларының облыстық форумына қатысты,- деп хабарлайды Kazakhstan Today .

Салтанатты жиында облыс әкімі барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар тер төккен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады.

Бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 28 азаматқа "Еңбек ардагері", "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалі және облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында "Еңбек жолы" конкурсының жеңімпаздары да құрмет пен қошеметке бөленді.

Атап айтсақ, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалімен М.Абылаев, М.Жұмабеков, Н.Қалымбетов, Н.Тоқаева марапатталса, облыс әкімінің грамотасынаТ.Жүсіпов, С.Мұсабаев және өзге де үздіктер лайық деп танылды. Сонымен қатар М.Асилов, М.Оңғарқызы, Б.Рысбеков, М.Рсымбетов, Е.Шойнақов, Ж.Сәбитовке облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.

Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша Арыс қаласының Жаңабаевтар әулеті жеңімпаз атанды. Иулеттегі 17 теміржолшының саладағы жалпы еңбек өтілі 475 жылды құраған. Марапат Арыс сигнализация және белгі беру дистанциясының басшысы Тазабек Жаңабаевқа ұсынылды.


Менің өзім, ұлдарым да, қыздарым да барлығы теміржолшы. Инженер мамандығын алған. Мен үйдің ең үлкенімін. Биыл теміржол саласында істегеніме 46 жыл толды. Енді соның зейнетін көрудеміз. Жақын арада1-2 айда зейнетке шықпақпын",- дейді Тазабек Жаңабаев.


Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері" атағына Сергей Колохов ие болса, "Өндірістің үздік жас маманы" аталымы бойынша "Шардара ГЭС" АҚ-ның инженері Мақсат Қанаев топ жарды.


Жиында облыстық мәслихаттың грамотасымен 5 озат марапатталды. Оны облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев табыстады.

Еңбекардагері" медалі К.Бикенинге, "Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін" белгісі Б.Пірімбетов пен А.Манақовқа берілді. ҚР кәсіподақтар федерациясының грамотасына Ж.Мұхаев пен "Қазығұрт" ойын түрлері клубының директоры Р.Қожанов ие болды.


Айта кеткен жөн, биыл Еңбек мерекесін атап өту жыл бойына тойланып, облыста түрлі іс-шаралар мен конкурстар ұйымдастырылуда.

Биылғы мереке бір күнмен ғана шектелген жоқ. Жыл басынан бері облыстың қала мен аудандарында "Еңбек" акциялары, сенбіліктер, "Сенің мамандық таңдауың" ашық сабақтары мен "Еңбек - баршаға" тақырыбымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері де өткізілді. Сондай-ақ, мүгелдектер мен қарттарға бір күндік еңбек ақысын аудару бойынша "Қайырымды еңбек" шарасы да ұйымдастырылған. Шара соңы концертке ұласты.

Еске салайық, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – "Еңбек күні" мерекесі болып белгіленген. Осыған сәйкес, биыл аталған мейрам республикамызда үшінші рет аталып өтуде. Бүгінде облыста Социалистік Еңбек Ері – 9 адам, Қазақстанның Еңбек Ері – 1 адам тұрады.

Қазақстанда 2014 жылы алғаш рет "Еңбек күні" мерекесі аталып өтті.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, аталған мерекенің басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады.

Мерекенің қарсаңында 2014 жылы 26 қыркүйекте Астана қаласының Ұлттық мұражай залында "Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру" Республикалық форумы өтті.

Форумның барысында Қазақстанның экономикасының дамуына және нығаюына қосқан өзінің елеулі үлестері үшін: тау-кен кешені, темір жол транспорты; көмір өнеркәсібі; мұнай кешені; машина жасау; білім беру; денсаулық сақтау; химиялық кешені; ауыл шаруашылық; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс; электроэнергетика; банк мекемелері; және де мемлекеттік басқару, қоғамдық қызмет салаларындағы жұмысшыларға құрмет көрсетілді.

Жеңіске қол жеткізушілер келесі номинациялардағы - "Еңбек әулеті", "Еңбек ардагері", "Тәлімгер", "Еңбек болашағы" және де "Еңбектегі өркендеу және инновация" арнайы марапаттармен құрмет көрсетілді.

Республикалық форумның шеңберінде экономиканың әр түрлі саласындағы ең жақсы жұмысшыларын "Еңбек ардагері" медалімен марапаттау рәсімі болып өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны