17.10.2016, 14:41 4873

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Халық мұрасы" атты облыстық қолөнер шеберлерініӊ көрме-жәрмеӊкесі өтті

Шымкенттегі "Көрме" орталығында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Халық мұрасы" атты облыстық қолөнер шеберлерініӊ көрме-жәрмеӊкесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 17 қазан. Kazakhstan Today - Өткен аптада Шымкенттегі "Көрме" орталығында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Халық мұрасы" атты облыстық қолөнер шеберлерініӊ көрме-жәрмеӊкесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Көрменіӊ мақсаты - заман талыбына сай, жүннен, қыштан, ағаштан, темірден, зергерлік бұйымдар жасаушы, көркем сурет салушы, ұлттық нақышта тігілген көрпе-төсек пен киімдерді дайындайтын туынды иелері, яғни жергілікті кәсіпкерлердіӊ қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып кеӊінен насихаттау. Халық арасында ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту жолында еӊбек етіп жүрген тұлғалардыӊ жұмыстарын өскелеӊ ұрпаққа таныстырып, қасиетті ұлтымыздыӊ құндылықтарын сақтай отырып еӊбекке баулу болып табылады.

Көрме-жәрмеӊкеге облысымыздыӊ 32 қолөнер шеберлері өнердіӊ түрлі саласы бойынша өз туындыларын қойды. Иділ қазылар алқасы құрамында ҚР шеберлер одағыныӊ мүшесі, Шымкент университетініӊ доценті Симова Бибіажар Иманбекқызы, ҚР еӊбек сіӊірген мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағыныӊ мүшесі Шилібаев Нұрлан Шилібайұлы, ҚР суретшілер одағыныӊ мүшесі Ахметов Ибдімүтәліп Мұстафаұлы, "Оӊтүстік Қазақстан" газетініӊ "Руханият" бөлімініӊ аға тілшісі Тастанбекова Лаура Қалшабекқызы, Облыстық мәдениет басқармасы, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімініӊ бас маманы Жұмағұлова Аяулы Тәжібайқызы болды. Иділ-қазылардыӊ шешіміммен бас жүлдені ағаштан ұлттық бұйымдар жасаушы шебер Ауелбеков Якия иеленді. 1-орынды былғары зергер шебері Желдібаев Ишірбек және қыз жасауын дайындаушы Омарбекова Эльмира, 2-орынды былғарыдан бұйым жасаушы Желдибаев Бағлан және ағаштан, мүйізден, сүйектен бұйымдар жасаушы Түркістан қаласыныӊ шебері Кунхожаев Гаухарбек, 3-орынды "Тұмар" ЖШС-нан Есимбекова Гүлназия және Түлкібас ауданынан қолөнер шебері Елепбергенов Амангелді және сандық сандық жасаушы Сәрсенбаев Мақсат иеленді.

Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертифакаттар тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны