21.10.2016, 06:52 4703

Оӊтүстік Қазақстан облысында ІІ республикалық журналистер форумы өтті

Сонымен қатар, форумға қатысушылар "Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастырудағы БАҚ-тыӊ маӊызы", "Медиакеӊістіктегі бәсеке, дәстүрлі БАҚ-тыӊ болашағы" тақырыптары бойынша баяндама жасап, пікір алмасты. Ақпараттық саясаттыӊ болашағы туралы ойларын ортаға салды.

Шымкент. 21 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Шымкентте "Жаӊа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ" ІІ республикалық журналистер форумы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өӊірлердіӊ бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ басын қосқан шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев "Түркістан" газетініӊ бас редакторы Пәттеев Шамшидин, "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газетініӊ директор- бас редакторы Нұртөре Жүсіп, Түркия Республикасы "ЖиҺан" ақпарат агенттігініӊ Қазақстандағы өкілі Иылдыз Доған, "Жас Қазақ" газетініӊ бас редакторы Срайыл Смайыл, "Қаламгер - Медиа" орталығы ЖШС атқарушы директоры Ишімжан Жанарбек, "Хабар 24" телеарнасыныӊ шеф-редакторы Қожаев Шалқар сынды бірқатар республикалық, облыстық және аудан, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері мен ұстаз-ғалымдар, халықаралық ақпарат агенттіктерініӊ өкілдері қатысты.

Форумныӊ ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Ж.Түймебаев ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында өтіп жатқан бүгінгі бас қосу - Елбасымыз Н.Назарбаев айқындап берген "100 нақты қадам - Ұлт жоспарын" орындау мақсатындағы маӊызды жиынныӊ бірі екенін атап өтіп, болашақ пен ақпараттық саясатқа жаӊаша бағдар көрсетуде осынау журналистермен болатын диалог алаӊыныӊ маӊызды екенін жеткізді. Сөз соӊында форум жұмысына сәттілік тілеп, ел дамуына өз үлестерін қосып отырған барша журналистерге алғысын білдірді.

Шарада "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газетініӊ директор- бас редакторы Жүсіп Нұртөре аталған форум ақпараттық ілгерлету бойынша республика көлемінде өткізіліп отырған екінші жиын болып табылатынын атап өтті. "Бұл аймақ басшылығыныӊ және өӊірдегі журналист қауымдастығыныӊ жаӊа ақпараттық саясатқа ерекше мән маӊыз беріп отырғандығын аӊғартады",-деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар, форумға қатысушылар "Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастырудағы БАҚ-тыӊ маӊызы", "Медиакеӊістіктегі бәсеке, дәстүрлі БАҚ-тыӊ болашағы" тақырыптары бойынша баяндама жасап, пікір алмасты. Ақпараттық саясаттыӊ болашағы туралы ойларын ортаға салды.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны