10.11.2016, 12:20 3621

Оӊтүстік Қазақстан облысында инновациялық университет салынады

Оқу орныныӊ тыныс-тіршілігін баяндаған колледж директоры Шымкент қаласындағы "Бозарық" шағынауданы аумағынан бой көтеретін "Қазақ инновация" университетініӊ макетімен таныстырды. Жаӊа университет қалашығына бүгінде 150 гектар жер бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген.

Шымкент. 10 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев инновациялық - технологиялық колледжінде болып, оқу орныныӊ жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Колледжде бүгінде 9 мамандық бойынша жалпы 970 студент білім алады. Ал мұндағы 122 студент 4 мамандық бойынша 2011 жылдан бері дуальды оқыту жүйесініӊ эксперименттік режимінде білімін шыӊдауда.

Оқу орныныӊ тыныс-тіршілігін баяндаған колледж директоры Шымкент қаласындағы "Бозарық" шағынауданы аумағынан бой көтеретін "Қазақ инновация" университетініӊ макетімен таныстырды. Жаӊа университет қалашығына бүгінде 150 гектар жер бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген.

10 мыӊ студентке шақталып салынатын жоғарғы оқу ордасында медицина, химия, технология, жоғарғы бизнес мектебі бағыттары бойынша білім беретін болады. Сондай-ақ, оқу орны аумағында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады.

Жастар саясаты

ОҚОда 16 жоғары оқу орны бар. Облыстық "Нұр Отан" партиясы ОҚОФ жанындағы "Жас Отан" жастар қанатында 23 мыӊға жуық жастар мүшелік етеді. Сонымен қатар жоғары және арнаулы орта оқу орындарыныӊ жанында өкілдіктері құрылған. "Жас Отан" жастар қанатыныӊ мүшелері белсенділіктерін еліміздегі саяси науқандар мен түрлі мәдени іс-шараларда өздерін көрсетіп келеді.

"Жас Отандықтар" еліміздегі көптеген мемлекеттік бағдарламаныӊ жүзеге асырылуына өз септігін тигізуімен қатар тыӊ жобаларды да жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ "Сәтті қадам" және "Жастар кадрлық резерві жобасы аясында 200-ге жуық оқуды үздік бітірушілердіӊ құжаттары жинақталды. "Сәтті қадам" жобасы аясында 100-ге жуық жас тәжірибеден өтті, оныӊ ішінде 10 жас жұмыспен қамтылса, "Жастар кадрлық резерві" жобасы бойынша 10 жас республикалық кадр резервіне енгізілді.

Солтүстік аймақтардағы бос жұмыс орындарына жұмыс істеуге ниетті 197 жастардыӊ тізімі жасақталып, жұмыспен қамту орталықтарына есепке тіркелді.

"Жасыл ел" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2009 жылдан бері 5000-нан астам студент жастар, ал 2014 жылы 847 жас тартылды.

2015 жылы 1000 жасты жұмысмен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 650 жас қала көшелері мен саябақтарда, орман шаруашылықтарында көгалдандыру жұмыстарына тартылды.

Студенттік құрылыс жасақтарына 2014 жылы 9 құрылыс компаниясына 458 жас тартылса, 2015 жылы 500 жасты 12 құрылыс компанияларында жұмыспен қамтылды.

Облысымызда 2014 жылға дейін жетімдер үйініӊ тәрбиеленушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселелердіӊ бірі болып келсе, 2014 жылы аталған мәселе өз шешімін тауып, 132 жетімдер үйініӊ тәрбиеленушілері тұрғын үймен қамтылса, 84 жас отбасы пәтерлі болды. Ал, 2015 жылдыӊ басынан бері 270 жас отбасы тұрғын үймен қамтылса, жыл соӊына дейін қосымша 200-ден аса жас отбасы КИК (Қазақстандық ипотекалық компания) арқылы тұрғын үймен қамтылатын болады.

2014 жылы "Мәӊгілік ел жастары - индустрияға" әлеуметтік жобасы аясында Солтүстік аймақтарда білім алу үшін Оӊтүстік аймақтардыӊ мектеп бітірушілеріне арналған 2050 гранттыӊ 866 Оӊтүстік жастары иеленді.

2015 жылы аталған бағдарлама бойынша педагогикалық мамандықтарға қосымша техникалық және ветеринария мен ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша 5 000 грант беріліп отыр. Биылғы жылы Оӊтүстіктен аталған жобаға 3 000-нан астам жастарды оқуға түсіру жоспарланса, қазірдіӊ өзінде тек жоғары оқу орындарына 5000-ға жуық жас түсуге ниет білдіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны