24.09.2016, 11:43 4487

Оӊтүстік Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өӊдейтін кешен құрылысыныӊ жобасы таныстырылды

Жиында Польша мемлекетінен арнайы келген "VecoPolyEnergy" компаниясыныӊ өкілдері қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өӊдейтін кешен құрылысыныӊ жобасымен таныстырды.

Шымкент. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өӊдейтін кешен құрылысыныӊ жобасы таныстырылды, деп хабарлайды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Жарамсыз деп табылған тұрмыстық қалдықтар кәдеге жарамайды десеӊіз, қателесесіз. Бүгінде озық технологияныӊ арқасында қалдықтарды қайта өӊдеу мүмкін болып отыр.

Бүгін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ ұйымдастыруымен осы тақырып төӊірегінде іс-шара өтті. Басқосуға аудан, қала әкімдерініӊ саланы жетекшілік ететін орынбасарлары, бөлім басшылары мен тұрмыстық қалдықтар саласында жұмыс жүргізетін мекеме өкілдері қатысты.

Жиында Польша мемлекетінен арнайы келген "VecoPolyEnergy" компаниясыныӊ өкілдері қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өӊдейтін кешен құрылысыныӊ жобасымен таныстырды.

Кездесу барысында жоба бойынша аудан, қала аумағында түзілген және жинақталған қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өӊдеу арқылы екінші рет өнім алу мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғалды.

Қазақстан Республикасыныӊ Экологиялық кодексініӊ талаптарына сәйкес, қалдықтарды сұрыптау, кәдеге жарату және қайта өӊдеу жөніндегі жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктеліп отыр. Осыған байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өӊдеу технологияларын ендіру қажеттілігі туындауда. Жобамен танысқан аудан, қала әкімдіктері өз тарапынан пікірлерін айтып, қызығушылықтарын танытты. Аталған жоба жергілікті билік тарапынан қолдау тапса, шетелдік компания тұрмыстық қалдықтарды қайта өӊдеу жобасын іске асыратын болады. Өз кезінде бұл тұрғындардан шыққан тұрмыстық қалдықтар қайта пайдалануға беріліп, ел экономикасына айтарлықтай тыӊ серпіліс әкелері анық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны