28.10.2016, 17:59 4336

Оӊтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері медиацияны дамытудыӊ жолдарын саралады

Жыл басынан 326 адамға кеӊес беріліп, қабылдауға келген 19 азаматқа кәсіби медиаторлар құқықтық жәрдем көрсетті. Медиаторлар туралы дерекқор түзіліп, 4 медиация орталығымен байланыс орнатылды.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Н.И.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ ХХІV сессиясында медиацияны дамытуды ҚХА қызметініӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі ретінде белгілеп берді.

Соған сәйкес ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы облысымыздыӊ аудан, қалаларында арнайы семинарлар ұйымдастырып келеді. Бүгін Мақтаарал ауданында өткен семинарға ОҚО әкімі аппараты "Қоғамдық келісім" КММ сарапшысы Хасан Бациев, облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктердіӊ төрағалары, аудандық соттыӊ судьялары, ауыл әкімдіктерініӊ заӊгерлері мен кәсіби емес медиаторлары қатысты.

Жиында "Медиация туралы" Заӊныӊ талаптары кеӊінен түсіндіріліп, оны дамытудыӊ жолдары ортаға салынды.

Айта кету керек, "Қоғамдық келісім" КММ-да техникалық құралдармен, әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген медиация кабинеті ашылып, жұмыс істеуде. Жыл басынан 326 адамға кеӊес беріліп, қабылдауға келген 19 азаматқа кәсіби медиаторлар құқықтық жәрдем көрсетті. Медиаторлар туралы дерекқор түзіліп, 4 медиация орталығымен байланыс орнатылды. Кәсіби емес медиаторлардыӊ біліктілігін арттыру үшін 10 аудан, қалада семинарлар ұйымдастырылды. Облыстық сотпен, әділет департаментімен, нотариаттық палатамен және адвокаттар алқасымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум түзілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында: Біз қазақ халқына, біздіӊ мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік.

Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық.

Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияныӊ өкілдері үшін туған шаӊырағына айналды.

Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім - біздіӊ басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердіӊ үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуініӊ бірегей еуразиялық үлгісі болды.

Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды",-деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны