05.12.2016, 12:47 4050

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Қазақстанныӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаты" тақырыбында мәжіліс өтті

Сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері бойынша өӊір республикада 8-орында екенін атап өткен аймақ басшысы халықтыӊ әлеуметтік жағдайы түзеліп, оӊалғанда аталған олқылықтардыӊ азаятынын жеткізді.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында сембі күні "Қазақстанныӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаты" тақырыбында мәжіліс өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиынға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдары басшылары, жоғары оқу орындарыныӊ ректорлары, діни конфессиялардыӊ және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарыныӊ басшылары қатысты. Сонымен қатар, семинар жұмысын бейнеселектор арқылы қала және аудан әкімдері, мектеп директорлары мен бас дәрігерлер, жастар мен қоғам өкілдері, барлығы 1200-ден аса адам көре алды.

Мәжіліске төрағалық еткен Ж.Түймебаев Мемлекет Басшысыныӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесіне баса назар аударылғанын айтып, бүгінгі талқыланатын - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ бастамасымен ұйымдастырылған басты тақырыптыӊ өзектілігіне тоқталды.

"Жемқорлықтыӊ мемлекеттік басқарудыӊ тиімділігін, елдіӊ инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Осыған орай, жемқорлықтыӊ пайда болуына ықпал ететін жағдайларды жою, мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын арттыру, сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - бүгінгі қоғамныӊ еӊ басты мәселесі. Мемлекетіміздіӊ қозғаушы күші кәсіби мемлекеттік аппарат, яғни мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Сондықтан да, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заӊнама талаптарын қатаӊ сақтау аса маӊызды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа алып баратын жол қарапайым әдеп нормаларын сақтамаудан туындайтынын атап өткен жөн", - деді Ж.Түймебаев.

Мұнан соӊ, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында құрылған облыстағы Идеп жөніндегі уәкіл Имірдин Илішев сөз сөйлеп, өӊірде осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Айтуынша, уәкілдік құрылған уақыттан бері 68 мемлекеттік қызметші мен басқа да азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын көтеріп, жауаптар алса, Кентау және Қазығұрт ауданынан түскен 2 арыз Идеп кеӊесініӊ қарауына жолданып, бір мемлекеттік қызметшіге "қызметіне толық сай еместігі туралы" тәртіптік шара қолданылған. Сонымен қатар, Идеп жөніндегі уәкілге сымтетік арқылы 7 адам хабарласып, мемлекеттік қызметшілермен шешімін тапқан.

Сонымен бірге, отырыста Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаев баяндама жасады. Агенттік атынан жасалған мәліметтерде елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатыныӊ жүзеге асырылу аспектілері ғана емес, мемлекеттік қызмет саласындағы заӊнамалық жинақты ендіру нәтижелері тыӊдалды.

"Transparency International үкіметтік емес халықаралық ұйымыныӊ үш жылда бір жүргізетін "Илемдік жемқорлықтыӊ барометрі" зерттеу нәтижелері Қазақстанда жемқорлықпен күресте оӊ өзгерістердіӊ байқалып, пара берген азаматтардыӊ саны азайып келе жатқанын көрсеткен. Бұл еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы бағытталған нәтижелі жүйелі жұмыстыӊ бар екенін тағы да дәлелдейді", - деді А.Шпекбаев.

Төраға орынбасары, сондай-ақ, Оӊтүстіктегі білім беру, денсаулық сақтау және жер қатынастары салаларында жеӊ ұшынан жалғасқан жемқорлықтыӊ азаймай отырғанын мәлімдеп, Агенттіктіӊ облыстағы департаментіне, Ұлттық бюроға аты аталған сала жетекшілігініӊ жұмысын Идеп жөніндегі уәкілдікте қарау тапсырылғанын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша сөз алған облыс әкімі осынау маӊызды іс-шара үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаевқа алғысын білдіріп, отырыс барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстардыӊ барлығы назарға алынып, олар бойынша тиісті шешім қабылданатын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері бойынша өӊір республикада 8-орында екенін атап өткен аймақ басшысы халықтыӊ әлеуметтік жағдайы түзеліп, оӊалғанда аталған олқылықтардыӊ азаятынын жеткізді.

"Оӊтүстік өӊірі үшін бизнес бастап, ауыл шаруашылығын дамыту маӊызды шаруа. Сондықтан, облыста кәсіп бастаймын деген азаматқа құжат рәсімдеуде әкімшілік жағынан ешбір кедергі болмауы тиіс. Ал бұл тапсырмаларды орындамаған кез келген құрылым басшысына кешірім жоқ екенін ескертемін. Сондықтан, жемқорлықтыӊ алдын аламыз десек, еліміздіӊ көркейіп, ондағы халық тұрмысыныӊ көтерілуіне бірлесіп қызмет етейік", - деді аймақ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны