10.09.2009, 16:56 3044

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер елімізден үш көне қыш құмыраны алып шығуға жасалған әрекеттің жолын кесті

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер елімізден үш көне қыш құмыраны алып шығуға жасалған әрекеттің жолын кесті

Шымкент. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері елімізден үш көне қыш құмыраны алып шығуға жасалған әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің "Қазығұрт" кеден бекетінің қызметі аясында кеденшілер кедендік бақылау жұмыстары кезінде Сайрам ауданының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз көлігінің жүксалғышында Өзбекстан аумағына көне алты құмыраны алып шығуға әрекет жасаған. Тарихи-мәдени мұраға жататын мұндай бұйымдарды елден шығаруға тыйым салынған. Қазір осы оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны