01.12.2008, 16:14 1540

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер ірі көлемдегі тұтыным тауарларын Өзбекстан аумағына алып өтуге жасалған әрекеттің алдын алды

Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер ірі көлемдегі тұтыным тауарларын Өзбекстан аумағына алып өтуге жасалған әрекеттің алдын алды

Шымкент. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Оңтүстік Қазақстан облысында кеденшілер ірі көлемдегі тұтыным тауарларын Өзбекстан аумағына алып өтуге әрекет жасаған екі Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 және 42 жастағы екі азамат Мақтаарал ауданында Абай ауылының маңында қолға түскен.

"Олар тіркемелі МТЗ-80 тракторымен кедендік бақылау бекетін айналып өтіп, кедендік салықтар мен алымдардан жалтару арқылы көршілес мемлекеттің аумағына ірі көлемде спорт киімдері мен азық-түлік өнімдерін алып өтпек болған. Тіркемеден "Хуалунвей" маркалы 740 жұп ерлер етігі, "Ка-Ке" маркалы 700 жұп ерлердің спорттық аяқ киімі, 98 пар детской спортивной обуви марки "Кайле" маркалы 98 жұп балалардың спорттық аяқ киімі, "Олекс" маркалы 48 жұп балалардың спорттық аяқ киімі алынды. Сонымен бірге тіркемеден 140 қап күріш, 44 орама түрлі мата, 80 дана жамылғы алынды. Тауарлардың ешқайсысында рұқсат құжаты болмаған. Тауардың қожайыны кеденшілердің сұрағына жауап бере алмады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны