19.06.2009, 15:53 3435

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде шаңды боран соғады және желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін жетеді деп күтілуде - ТЖМ

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде шаңды боран соғады және желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін жетеді деп күтілуде - ТЖМ

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде шаңды боран соғады және желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, алдағы тәуліктерде республиканың батысы мен шығысында күн райы бұзылып, кей жерлерле жаңбыр, найзағай және екіпінді жел соғады. Қазақстанның қалған аумағында антициклон ықпалы таралады. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау облыстарында найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде шаңды боран соғады және желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде су деңгейі ауытқиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны