31.03.2010, 15:13 8669

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегінің қоздырғышын тасымалдаушы - кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарына 2010 жылы 232,9 млн теңге бөлінді

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегінің қоздырғышын тасымалдаушы - кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарына 2010 жылы 232,9 млн теңге бөлінді

Шымкент. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегінің қоздырғышын тасымалдаушы - кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарына 2010 жылы 232,9 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ауылшаруашылығы басқармасының мал дәрігерлік бөлімінің жетекшісі Базарбек Омаровқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2010 жылы буферлік аймақтар құру мен жалпы аумағы 9 млн шаршы метрді құрайтын шаруашылық жайларын қырым қанды безгегінің қоздырғышын тасымалдаушы - кенелерден өңдеуге аудандық бюджеттен 59 млн 900 мың теңге, облыстық бюджеттен - 173 млн теңге бөлінуде. Қазір облыстың әр ауданында тендерлер өткізілуде, олардың барысында өңдеумен шұғылданатын ұйымдар анықталады.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханаларына кене шағып алды деген шағыммен 28 адам келген. Олардың арасынан біреуінде - 8 жасар қыздан қырым қанды безгегі деген диагноз расталды.

Сондай-ақ, Б. Омаровтың айтуынша, 2010 жылы республикалық бюджеттен 365 300 бас ірі қара мал, 3 млн 500 мың бас ұсақ мал, 151 мың жылқы, 16 300 түйе мен 35 300 шошқаны тоғыз түрлі аса қатерлі жұқпалы дерттерден қорғау вакцинасына 1 млрд 100 млн теңге бөлінді.

"Осы аптаның аяғы, келесі аптаның басында біз вакцина егуге кірісуді жоспарлап отырмыз", - деді Б. Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны