22.04.2010, 15:28 4871

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым-конго қанды безгегіне шалдығуға қатысты 7 оқиға тіркелген, 2 адам қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым-конго қанды безгегіне шалдығуға қатысты 7 оқиға тіркелген, 2 адам қайтыс болды

Шымкент. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында 20 сәуірдегі жағдаймен қырым-конго қанды безгегіне шалдығуға қатысты 7 оқиғада диагноз расталды, 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың хабарлауынша, тек 30 наурыз бен 20 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысындағы медициналық мекемелерге кене шағып алған 1500 адам көмекке жүгінген. Ағымдағы жылы облыста қырым-конго қанды безгегіне шалдығуға қатысты 7 оқиға тіркелген, 2 адам қайтыс болды. Ауруханаға жатқызылған бес адамның жағдайы жеңіл және орташа ауыр деп бағалануда. Қырым-конго қанды безгегіне шалдығуға қатысты күдікпен 4 адам жатқызылған, қазір диагноз расталу үстінде. Қырым-конго қанды безгегіне шалдыққандармен қарыс-қатынаста болған 127 адам дәрігердің бақылауына алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны