09.04.2007, 17:54 3416

Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық екі дозиметр орнатылды

ШЫМКЕНТ. 9 - сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында қоғамдық екі дозиметр орнатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне аудан әкімінің орынбасары Аманғали Аймырзаев хабарлады.

"Аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру науқаны қарсаңында уран өндіру салдарынан аудан аумағында жоғары радиациялық фон қалыптасқанына адамдар бірнеше рет алаңдаушылық білдірген",- деп түсіндірді А. Аймырзаев. "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК басшылары түрлі қауесетке жол бермеу үшін әкімнің өтінішімен қоғамдық дозиметрлер орнатуға шешім қабылдаған",- деді ол.

Икім орынбасарының хабарлауынша, қазір электр тақтайша Шолаққорған ауданының орталығындағы "Мыңжылқы" мәдениет сарайының хабырғасына орнатылды. Тақтайша нақты уақытты, ауа температурасын және ауа қысымы туралы мәліметтермен қатар радиациялық фонның деңгейін де көрсетеді. "Тақтайша сағатына тұрақты 11 - 13 микрорентген көрсетіп тұрады",- деп хабарлады А. Аймырзаев. Рұқсат етілетін норма сағатына 25-тен 29-ға дейін микрорентген болып саналады. Осындай екінші тақтайша аудан орталығынан солтүстікке қарай 150 шақырымда орналасқан Жуантөбе ауылында орнатылды. Оның да көрсеткіштері нормадан аспай тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны