21.10.2016, 07:47 4746

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Көлік, логистика және инфрақұрылым" атты халықаралық көрме өтуде

Ұйымдастырушылар болашақта Шымкент қаласы жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімді шығаруға мамандандырылған Қазақстанныӊ ірі өнеркәсіп орталығына айналатынына сенімді. Халықаралық қөрме екі күнге жалғасады.

Шымкент. 21 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Шымкентте "Көлік, логистика және инфрақұрылым" - "Silk Way Transport, Logistics Infrastructure" атты II халықаралық көрмесі басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шараны ОҚО кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасыныӊ басшысы Марат Қарабаев пен "Көлік-логистикалық аумағы" басқарушы компаниясы" ЖШС бас директорыныӊ орынбасары Марат Телғозы ашты.

Бұл көрмеде көлік және логистикалық компаниялар өздерініӊ қызметтері мен жабдықтарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасуда. Олардыӊ ішінде Nimex-Trans, CK Logistics, Giansar, Алем Тат, STI Logistics, Elite Logistics, Спец-Авто, K2 - Кранпоставка, Transasia Systems KZ, Instar Logistics, Камаз Евро Сервис, Omega Story Group Logisoft, Казахстан Логистик Групп, Зерде ҒӨБ, Евротранзиттерминал, Continental Logistics, Scat, Стеллажи.KZ, Союзтранслинк және басқа компаниялар бар.

Шара аясында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ өкілдерініӊ және көлік кәсіпорындары басшыларыныӊ қатысуымен өӊірдіӊ көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша дөӊгелек үстел өтті. Шараныӊ қатысушылары көлік инфрақұрылымын дамытудыӊ жоспарларымен және Оӊтүстік Қазақстан облысында көлік-логистикалық аумағын салудыӊ болашағымен танысады.

ОҚО аумағында бірнеше индустриялық және көлік-логистикалық аумағы жұмыс істейді. Сондай-ақ "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автокөлік дәлізі де бұл саланыӊ дамуын ілгерілетеді.

Ұйымдастырушылар болашақта Шымкент қаласы жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімді шығаруға мамандандырылған Қазақстанныӊ ірі өнеркәсіп орталығына айналатынына сенімді. Халықаралық қөрме екі күнге жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны