16.05.2007, 15:45 2901

Оңтүстік Қазақстан облысында контрабандалық азық-түлік өнімдері тиелген жүк көліктері тізбегінің мемлекеттік шекарадан өтуге жасаған әрекетіне тосқауыл қойылды

ШЫМКЕНТ. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында контрабандалық азық-түлік өнімдері тиелген жүк көліктері тізбегінің мемлекеттік шекарадан өтуге жасаған әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасының бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

Бөлім қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін таңертең 5 сағат 05 минутта Сарыағаш ауданы, Рамазан ауылы маңында "Ынтымақ" шекара заставасында Қазақстаннан Өзбекстанға қарай контрабандалық өнімдер тиелген жүк көліктері тізбегінің мемлекеттік шекарадан өтуге жасаған әрекетінің жолы кесілді.

"Шекарашылар жасағы қант пен тәтті өнімдерін тиеген үш жүк көлігін шекаралық бекетті айналып өтуге әрекет жасаған жерінен қолға түсірді",- дейді шекарашылар. Оның айтуынша, бұлармен ілесіп келе жатқан 50 шақты жүк көлігі жапа-тармағай ауылға тарап кеткен, жүргізушілердің көпшілігі көліктерін тастап бой тасалаған. "Шекарашылар жүкті ұстау үшін шұғыл шара өткізді. Қазір ұсталған контрабандалық жүктің құны есептелуде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны