30.09.2016, 09:52 6853

Оӊтүстік Қазақстан облысында көркемсөз оқу шеберлерініӊ республикалық байқауы өтті

Оӊтүстік Қазақстан облысында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерініӊ XVIII республикалық байқауы өтті.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы - Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдерініӊ республикалық фестивалі Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерініӊ XVIII республикалық байқауы өтті.

Мемлекеттік тілдіӊ қолданылу аясын кеӊейтіп, тіл мәдениеті мен көркем әдебиетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған конкурсқа еліміздіӊ 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деӊгейде өткізілген байқаулардыӊ жеӊімпаздары, барлығы 16 үміткер қатысты. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Оралхан Бөкейдіӊ және басқа да елімізге белгілі, сөз өнеріміздіӊ дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздыӊ кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қатысушыларыныӊ жұмысы мен жеӊімпаздарын зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені алматылық Қадыржан Сабырақын алса, І орынды Қостанай облысыныӊ тумасы Кәмел Айдана иеленді. Ал жүлделі екінші орынды қарағандылық Нұртай Айсұлу, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынан келген жас ақынымыз Хинай Ақмарал жеӊіп алды. Сондай-ақ, аталған байқауда Оӊтүстік Қазақстан облысынан қатысқан Мыӊбай Бақыт ынталандыру сыйлығына ие болды. Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыӊғыстай ауылында дүниеге келді. Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығыныӊ лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтыӊ лауреаты.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" ("Жас Алаш") газетініӊ шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оныӊ журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаныӊ ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыӊғыстайдағы тракторшы баланыӊ бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымыныӊ қалыӊ ортасына салды да жіберді. өмірініӊ соӊына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей "Жұлдыз" журналыныӊ проза бөлімініӊ меӊгерушісі, 1983-1991 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде редактордыӊ орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

1970 жылы Алматы қаласындағы "Жазушы" баспасынан басылып шыққан "Қамшыгер" атты алғашқы жинағы жас жазушыныӊ атағын шығарды. Осы баспадан оныӊ "Үркер" (1971), "Қайдасыӊ, қасқа құлыным?" (1973), "Мұзтау" (1975) әӊгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдіӊ "Ин салады шағылдар" (1978), "Үркер ауып барады" (1981), "Біздіӊ жақта қыс ұзақ" (1984) әӊгімелер мен повестері "Жалын" баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оныӊ "Құлыным меніӊ" деп аталатын драмалыкқ шығармалары "Өнер" баспасынан, 1987 жылы "Ұйқым келмейді" деп аталатын творчестволық әӊгімелері "Жазушы" баспасынан шығарылды.

"Алданған ұрпақ" трилогиялық романы қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған. "Құлыным меніӊ" (1974), "Текетірес" (1976), "Қар қызы" (1982), "Зымырайды поездар" (1984), "Жау тылындағы бала" (1985), "Мен сізден қорқамын" (1987) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей - есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдіӊ шығармалары дүние жүзініӊ көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оныӊ өзге тілде жарық көрген шығармалары - "След молний", молодая гвардия, М, 1978; "Поющие барханы", Советский писатель, М, 1981; "Чағылған", Қырғыстан, Фр., 1981; "След молнии", Христо Данов, Болгария, 1981; "Кербұғы", Эстония, 1981; "Крик", Советский писатель, М, 1984; "Үркер ауып барады", Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982 Оралхан Бөкейдіӊ шығармаларынан "Кісікиік" (1985, режиссері М.Самағұлов), "Сайтан көпір" (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және "Кербұғы" (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы Оралхан Бөкейдіӊ повестері "Таӊдамалы" 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары "Таӊдамалы" 2 том "Жазушы" баспасында жарық көрді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны