14.09.2016, 18:51 3703

Оӊтүстік Қазақстан облысында Құрбан айт мейрамына орай құрбан шалатын 25 орын қызмет көрсетті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі облыстық орталық мешітте болып, айт намазына жиылған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Шымкент. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі облыстық орталық мешітте болып, айт намазына жиылған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

"Бұл қасиетті мереке бірлік пен ынтымақты, достық пен шаттықты насихаттайды. Құрбан айт мейрамы қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мереке. "Құрбан" сөзі "жақындау", "тығыз байланыста болу" деген мағынаны білдіреді. Бұл күндер қайырымды жандар үшін сауапқа кенелудіӊ айы болып саналады",-деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.

Өз кезегінде облыстық мешіттіӊ бас имамы Ахметжан Керімбек аймақтағы 800-ге жуық мешітте айт намазы оқылғанын айтып, бүгінде өӊірдегі 1600-ден астам жамағат Құрбан айт мерекесін Меккеде қарсы алғанын жеткізді. Айт намазынан кейін орталық мешіт жанында ұлттық ойындардан түрлі сайыстар ұйымдастырылып, жеӊімпаздарға арнайы жүлделер табысталды.

Облыс имамы Ахметжан Керімбек айтулы діни мейрамныӊ құндылықтарына тоқталып, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Биыл Құрбан айт мешіттерде ұлттық салт-дәстүрге сай өтті. Құлшылық орындарында ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны