13.06.2007, 14:04 1253

Оңтүстік Қазақстан облысында құрып бара жатқан тағы хайуанаттардың генофондын қайта жаңғырту жөнінде эксперимент жүргізілуде

ШЫМКЕНТ. 13-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында құрып бара жатқан тағы хайуанаттардың генофондын қайта жаңғырту жөнінде эксперимент жүргізілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шымкент хайуанаттар бағы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Латиф Илиев хабарлады.

"Біз экспериментке қамтылған хайуанаттардың екінші буынының ұрпағын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз",- деді Л.Илиев. Оның айтуынша, эксперименттің басында еуропалық муфлон Қаратау арқарымен будандастырылған. "Біз еркек және ұрғашы хайуанаттардың қай-қайсысының да тұқымын алдық",- деді директордың орынбасары. Арқармуфлондар бұдан кейін өнімділігі мен өміршеңдігін арттыру үшін қоймен шағыстырылды. Будандастыру нәтижесінде алынған екінші буын жануарлары бұдан кейін таза тек алу үшін жабайы жануарлармен будандастырылады.

Ғалымдар "жаңа" жануарлар тағы муфлондар мен арқарлардың барлық белгілерін сақтайды, бірақ, белсенді көбейіп, жоғары өміршеңдік әлеуетке ие болады деп санайды.

Л.Илиевтің айтуынша, құрып бара жатқан тағы хайуанаттардың генофондын қайта жаңғырту жөніндегі эксперимент ҚР жалпы генегика және цитология институтының басқаруымен өткізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны