06.12.2012, 15:27 3321

Оңтүстік Қазақстан облысында құжат айналымы 100 пайыз мемлекеттік тілде жүреді

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Астан. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында құжат айналымы 100 пайыз мемлекеттік тілде жүреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Балқия Көмекбаеваның мәліметінше, 2011 жылдан бастап өңірдегі аудан, қалалар мен жергілікті басқармалар шығыс құжаттарын 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізіп келеді. Іс құжаттарды жүргізуге байланысты әдістемелік құралдар, салалық сөздіктер таратылған. Соның нәтижесінде бірқатар аумақтық мекемелер мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарын, оның ішінде облыстық сот 55,8 пайыздан 100 пайызға, қаржы полициясы, кеден, соттар әкімшісі, қаржылық бақылау, орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы 100 пайызға жеткізді.

"Тіл туралы заңның орындалуы мен сақталуын бақылау мақсатында 2012 жылғы тексеру жоспарына сәйкес облыстағы 35 мемлекеттік мекемеде тексеру жұмыстары жүргізілді. Жергілікті басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері 100 пайыз мемлекеттік тілде болуына байланысты, 2012 жылғы тексеруге аумақтық мекемелер мен бірқатар білім мекемелері қамтылды", - делінген баспасөз айғағында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны