22.12.2006, 17:19 3660

Оңтүстік Қазақстан облысында мәдени өсімдіктерді сақтайтын арнайы генетикалық қор пайдалануға берілді

ШЫМКЕНТ. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданыдағы "Красноводопадская" селекциялық тәжірибелік станциясында өсімдіктерді сақтайтын арнайы генетикалық (тектік) қор қолданысқа берілді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілішісіне "Красноводопадская" селекциялық тәжірибелік станциясы РМК директорының орынбасары Анарбай Ортаев хабарлады.

"Тектік қор- куаңшылық аймақтардағы ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеулер жөніндегі халықаралық орталығының аймақтық өкілдігінің ( ИКАРДА- ҚАҒЗО) Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін жасаған сыйлығы",-деді А.Ортаев. Оның айтуынша, тектік қордың қажеттілігі баяғыда туындаған. Кеңес Одағы тұсында өсімдіктер тұқымдарының үлгісі академик Вавилов атындағы Бүкілодақтық өсімдІктану институтында (БӨИ) сақталатын.

"Біздің станция БӨИ-нан алынған өсімдік үлгілерін Орталық Азия мен Қазақстандағы богара жағдайында сынақтан өткізіп, жергілікті сорттарын шығаратын ғылыми орталық ретінде қызмет етті",-деп атап өтті А.Ортаев. Алайда, КСРО құлағаннан кейін селекциялық жұмыстар үшін өсімдіктердің үлгілерін алу мүмкін болмады. Сондықтанда ҚАҒЗО көмек беруді ұйғарды. Қазақстандықтар олармен 1996 жылдан бері ынтымақтасып келеді.

"Тектік қор түгелдей ҚАҒЗО қаражатына салынды. Ол екі бөлмеден тұратын ғимарат-жұмысшы бөлмесі, мұнда өсімдік үлгілерін сақтау алдындағы және тектік қордың дайындығы жүргізіледі. Мұнда температура минус 18 градустан жоғары болмайды", деп атап өтті А.Ортаев. Оның айтуынша, "енді оңтүстік қазақстандық селекционерлердің селекциялық жұмыстарға өсімдік үлгілерін және өздері шығарған өсімдік түрлерін сақтауға мүмкіндіктері бар".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны