06.01.2009, 12:28 2584

Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтаарал ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтаарал ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Шымкент. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов кеше мәслихат депутаттарына Мақтаарал ауданының жаңа әкімінің кандидатурасын таныстырды. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бір дауыстан қолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мақтаарал ауданының жаңа әкімі болып 56 жастағы Қасымбек Хаметов тағайындалды. 1999 - 2007 жылдар аралығында ол Мақтаарал аудандық әкімдігінің жер ресурстары және жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі болып істеген. 2007 жылы ол Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы міндетін атқарды.

Ауданның бұрынғы әкімі, 60 жастағы Омарбек Нұржанов бұл қызметте алты жылдан астам уақыт жұмыс істеді.

Облыс әкімінің айтуынша, "О.Нұржанов бұдан былай дипломатиялық қызмет атқаратын болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны